«Самұрық – Қазына» мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық кәсіпкерлікті бірлесіп дамыту туралы келісімге қол қойды. Рәсімге Қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев қатысты. Келісімшарт өндірістік кәсіпорындарға Қор компанияларымен ұзақмерзімді келісімшарт жасауға және бизнестің дамуын қамтамасыз етеді. Бұл дегеніміз – отандық өндірушілерді қолдауда тиімді шешімдерді қабылдауы.
– Отандық тауар өндірушілерді қолдау – «Самұрық – Қазына» АҚ сатып алу жүйесін дамытудағы негізгі мақсаттардың бірі. Қазақстандық тауар өндірушілердің дамуының арқасында Қордың компаниялары сапалы тауарды тиімді бағамен сатып алуда. Соның арқасында сатып алуға бөлінген қаражат айтарлықтай үнемделуде , – деді Аметжан Есімов.
– Қазір ұсынып отырған қолдау шаралары адал бизнеске арналған. Кәсіпкерлер өз кезегінде жергілікті өндірісті модернизациялау және цифрландыру бойынша ұсыныстарын енгізуі керек. Келісімде қарастарылған бастамалардың іске асуы отандық өнеркәсіптердің жаңа технологияларды игеріп, қосымша құны жоғары тауарларды өндіріп, көрші нарыққа шығуына жағдай тудыратынына сенімдімін, – дейді Тимур Құлыбаев.
Жыл басында қор мен «Атамекен» ҰҚП «Кабельдік-өткізгіш өнім» және «Арнайы аяқкиім» категориялары бойынша сатып алу стратегияларын бекітіп, оның сатып алуындағы үнемдеу 439 млн теңге болады деп күтілуде. Сонымен қатар, екіжақты ынтымақтастықтың арқасында жоғары вольтты трансформаторлар өндіретін «Азия-Траффо» зауыты бұрын Қытай, Ресей мен Украинадан сатып алған құрылғыларды өндіре бастады. Бұл жобалар ішкі инвестицияны артырып, 200-ден астам жұмыс орнын құруға жағдай туғызды.
Бұған дейін «Қордың тауар, еңбек және қызмет сатып алу ережелеріне» қор ішіндегі сатып алу үлесін азайтуға бағытталған өзгерістер енгізілген. Осылайша, ашық тендер арқылы сатып алынатын өнім көлемі 387 млрд теңгеден шамамен 1 трлн теңгеге дейін жетті. 2018 жылы қор ішіндегі сатып алулар барлық сатып алудың 90%, немесе 3 трлн теңгені құраған.
Ал сатып алудағы үнемдеу 121 млрд теңге болды. Холдингаралық сатып алулардың көлемі 4500 тауар позициясынан 409 позицияға дейін қысқарды. Яғни, құны 309 млрд теңге болатын сатып алулар бәсекелі ортаға берілді. Жаңа тәсіл 22 млрд теңгені үнемдеуге мүмкін болды. Сонымен қатар, 8000 кәсіпкерлік субъект қосымша тапсырыс алды. Биыл жаңа тәсілдердің арқасында үнемдеу көлемін 146 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда.