Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әнуар Сағымбаев қызметінен кетті, - деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдері Сағымбаевтың денсаулығына байланысты қызметінен өз еркімен кеткенін айтты.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін уақытша басқарманың орынбасары Ләззат Есенғалиева атқарады. Еске салайық, мұның алдында Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кеткен болатын.