Хайуанаттар бағы – тегін
Хайуанаттар бағы – тегін

18 мамырда Алматыдағы хайуанаттар бағында ашық есік күні. Соған орай, сол күні хайуанаттар бағына тегін кіруге болады.

Сонымен бірге, қонақтар жазғы жас натуралистер үйірмесіне жазыла алады. Хайуанаттар бағымен ғана емес, үйірменің бағдарламасымен де таныса алады.

Үйірме аптасына үш күн 2 сағаттан өтеді. Үйірме өз жұмысын 17 маусымнан тамыз айының соңына дейін болады. Оған 9 жастан 18 жасқа дейінгі балалар жазыла алады.

Былтырдың өзінде жазғы үйірмеге 80-нен астам бала жазылған.