Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 адам тіркелді COVID-19 Екібастұз қаласының үш тұрғынынан, оның ішінде 1960 жылғы әйел адам, кәмелет жасына толмаған 2014 жылғы қыз бала мен 2017 жылғы ұл баладан анықталды. Барлық науқастар бұрын КВИ анықталған адамдармен қарым-қатынаста болғандар. Барлық оқиға бойынша қарым-қатынаста болған адамдар ортасы анықталуда, анықталған адамдарды оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Эпидемиологияға қарсы іс-шаралар жалғасуда. Бүгінгі сағат 22:15-тегі жағдай бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясымен ауырған 33 адам тіркелді.