Алматы облысында тағы 6 адам коронавирус жұқтырған
Алматы облысында тағы 6 адам коронавирус жұқтырған
© Сурет ғаламтордан
155
оқылды
Бүгін Алматы облысының Іле ауданында - 1, Еңбекшіқазақ ауданында 5 тұрғын COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Бүгін сырқаты тіркелген Іле ауданының тұрғыны - бұған дейін ауырған 1967 жылғы пациенттің күйеуі. Ол қазір Қарасай аудандық орталық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды. Онымен байланыста болған 5 адам Іле аудандық орталық ауруханасының карантин бөлімінде. Ал Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының 5 тұрғынының 4-еуі бұған дейін вирус жұқтырған 2006 жылғы пациентпен бір үйде тұрған азаматтар. Ал 5-ші азамат жіті респираторлық вирустық инфекциямен медициналық көмекке жүгінген. COVID-19 инфекциясы анықталған 5 азамат та Еңбекшіқазақ аудандық орталық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды. Сөйтіп, Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны 50-ге жетті, ал жазылып шыққандар – 9.