ҚР Сыртқы істер министрлігі және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің халықаралық тәжірибесін іске асыру шеңберінде инвестор компаниясының тарапынан Алматы қаласына жалпы соммасы 44 млн теңге құрайтын 228 мың медициналық бетпелер гуманитарлық көмек ретінде келді. «Жетісу Вольфрамы» ЖШС инвестициялық жобасының Қазақстандық серіктесі бірқатар техникалық, көліктік және басқа да ұйымдастырушылық мәселелер бойынша қолдау көрсетті. Аталған гуманитарлық көмек Алматы облысының әкімдігіне және Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты ай қоғамына берілді. Сонымен қатар, KAZAKH INVEST қызметкерлері қорғау құралдарының бір бөлігін Алматы қаласының жедел жәрдем ауруханасына тапсырды, сондай-ақ медициналық бетпелер Ішкі істер органдарының бөлімшелеріне тапсыру үшін Нұр-Сұлтан қаласына жіберілді. Алматы қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына жүкті тегін жеткізуді ұйымдастыруға «Қазпочта» АҚ көмек көрсетті. Естеріңізге сала кетейік, KAZAKH INVEST қызметкерлері аз қамтылған отбасыларға, жалғыз басты зейнеткерлерге, өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарға көмек көрсету арқылы халықты қорғау және коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға көмек көрсетеді. Халықтың әлеуметтік осал санаттарына азық-түлік жиынтықтары мен бірінші кезекте қажетті азық-түлік емес тауарлар, оның ішінде антисептиктер мен медициналық заттар ұсынылады. Айта кету керек, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының әкімдіктері, аумақтық қамқоршы органдар пен "Клуб добряков" еріктілер қозғалысының белсенділері акцияны іске асыруда маңызды қолдау көрсетуде.