Елордада жол жөндеу жұмыстары басталды

Елордада жол жөндеу жұмыстары басталды

Нұр-Сұлтан қаласында жұмысшылар жол жөндеу жұмысына кірісіп кетті. Жоспар бойынша биыл 150 көшенің жолы жөнделмек. Елорда әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауына қа­ра­ғанда, әлгі 150 көшенің 50-і қала орталығындағы магис­тральды көшелер екен. Бұл көшелермен қоғамдық көліктер жүреді. Атал­ған жоспар жайында қала әкімі Алтай Көлгінов айтып берді. «Олардың көбі орташа, кейбірі күрделі жөндеуден өтеді. 150 көшенің 100-і тұрғын алаптарда. Мысалы, Өндіріс, Кирпичный, Көктал, Лесозавод. Жол жұмыс­тары барлық тұрғын алапта жүргізіледі. Біз биыл 21 нысанда жұмысты жалғастырамыз. Сон­дай-ақ Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жүргізіліп жатқан жұмыстар елорданың ин­женерлік және жол инфра­құ­рылымын жақсартуға мүмкіндік береді. Биыл бізге «Жұмыспен қам­тудың жол картасы» бағ­дар­ламасы жақсы көмектесуде», – деді әкім. Ал «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша астананың жолдарын жөндеуге 12 млн теңге бөлінген. Әрі бұл бағдарлама арқылы 1,5 мың жаңа жұмыс орнын ашу мүмкіндігі пайда болды.  

А.ҚҰРМЕТ