Еңбек картасы түзелмей, ел алға баса ма?
Еңбек картасы түзелмей, ел алға баса ма?
272
оқылды
Әлемде коронавирустан басқа ғаламат «эпиде­мия» бас­талды. Экономистердің байламынша, дү­­ние­­жүзінде жұ­­мыс­сыздар армиясының күрт ар­туы адамзат үшін ін­дет жұқтыруға барабар тағы бір ала­пат қатер саналады. Қа­зақстан кеселмен ере келген ке­сір құбылысқа қар­сы алғаш­қы елдер са­пында үн қат­ты. Алайда тиісті мем­бағ­дар­ламаның орын­далу са­пасы сын тудырып отыр. «Әлемдегі еңбек нарығындағы ахуал «жаппай жұмыстан босату эпидемиясының» таралуына қатысты біздің ең үлкен қаупімізді шындыққа айналдыруда. Көптеген үкіметтің көмек бағдарламасы кешігіп жатыр. Олар іске қосылғанша, компаниялар пандемияға үн қатып, жұмыс орнын қысқартып үлгерді», – дейді Deutsche Bank Securities бас экономисі Торстен Слок. COVID-19 батыстың ауқатты елдерінің өзінде жұмыссыздық деңгейін қос таңбалы санға дейін ұлғайтты. Мысалы,  АҚШ федералдық резерв жүйесі елдегі жұмыссыздық деңгейі 10 пайыздан жоғары болады деп болжауда. Бұрын аталған көрсеткіш 3,5 пайыз айналасында құбылатын. COVID-19 пандемиясының кең та­ралуы, мемлекеттердің карантин шарасын жап­пай енгізуі, адамдардың өз бетінше оқ­­шаулануы дүниежүзінде көптеген кә­­сіп­орынның жабылуына соқтырды. Ха­лық­аралық сауда дағдарды. Инвестиция ісі тоқтады. Қор нарығы тоқырады. Шикізат, әсі­ресе мұнай бағасының құлауын, ұлттық валюта құнсыздануын, дамыған елдер қа­рызының күрт өсуін ескерсек, бұл жол­ғы жаһандық рецессия 2009 жылғы дағ­дарыстан әлдеқайда қуатты болатыны аң­ғарылады. Статистика комитетінің мәліметінше, Қа­зақстанда 2020 жылғы наурызда жұ­мыс­сыздар саны 442,6 мың адам болды. Жұ­мыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 4,8%-ына тең. Әйтсе де, көптеген өңір ка­­­рантинге жабылған сәуір айының қо­ры­тындысы бұл көрсеткішке өз түзетуін ен­гізері сөзсіз.  

Елді тек тұрақты жұмыс тұрақтандырады

Жаңа күйзеліске Қазақстан әдеттегідей жаңа Жұмыспен қамту жол картасын (ЖҚЖК) қабылдау арқылы жауап берді. Өйт­­­кені бұл – өзін-өзі ақтаған бастама. Нә­тижесінде, Үкімет қаулысымен «Ха­­­лықтың жұмыспен қамтылуын қам­та­ма­сыз ететін инфрақұрылымды және тұр­ғын үй-коммуналдық шаруашылықты да­мыту, елді мекендерді аббаттандыру жө­ніндегі жол картасы» құпталды. Бұл – ел та­рихындағы осындай ең қымбат жоба са­налады. Бірақ бағдарламаның орындалуы, қан­дай мазмұнмен толтырылғаны Мемлекет басшысының да, сарапшылардың да көңілінен шықпай тұр. Мысалы, 2009 жы­лы әлемдік қаржы-экономикалық дағ­дарыс адамзатты дүрлігіс пен күйзеліске тү­сіргенде, Қазақстан қарапайым тілде Жұ­мыспен қамту жол картасы (ЖҚЖК) атал­ған «Өңірлік жұмыспен қамту стра­­­тегиясын» іске қосты. Бұл зауыт-кә­­сіпорынның тоқтауы салдарынан жап­пай босатылған жұмысшыларды басқа ең­бекке баулып тартудың, сондай-ақ жұ­мыссыздарды әлеуметтік қорғаудың жаңа тұрпатты бағдарламасы мен әдісі болатын. Оны қаржыландыруға 2009 жылы – 191 миллиард теңге, ал 2010 жылы  151 мил­лиард теңге бағытталды. Яғни, жалпы ал­ғанда 342 миллиард теңге шығындалды. Са­лыстыру үшін айтсақ, 2020 жылғы ЖҚЖК-ға 1 триллион теңге арна тартқалы тұр. 2009 жылғы жол картасына сәйкес, 2 жылда 8 871 жоба жүзеге асырылды. Со­ның арқасында 390,6 мың жұмыс орны ашыл­ды: 2009 жылы – 258,6 мың, 2010 жы­лы – 132 мыңдай. Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрі Біржан Нұрымбетовтің мә­лі­метінше, қазіргі ЖҚЖК бағдарламасы ая­сында пандемиядан кейінгі кезеңде 240 мың­дай жұмыс орны құрылады. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 10 сәуірдегі отырысында ел Президенті Қа­сым-Жомарт Тоқаев бұл бағдарламаны жү­зеге асыруға бұрын-соңды болмаған со­мада (1 трлн теңгеге дейін) қаржы бө­л­і­нетініне назар аударта келе, қыруар ақ­шаның құмға сіңген судай жоқ болмауы ке­регін баса айтты. Шынында, мұндай тәуе­келдің құлағы қылтияды: министрлік пен әкімдіктер көкейкесті мәселені қысқа мерзімде шешу жайына басымдық беріп, ұзақмерзімді міндетті естен шығарып ал­ғандай. Бұл мысалы, қызудың көтерілуі, іш­тің ауыруы секілді симптомдарын ғана жойып, дерт­тің өзін емдемеумен тең. Президент назарына ұсынылған тал­дауда ЖҚЖК аясында жоспарланған жұ­мыс орнының 95% дейінгісі уақыт­ша екені көрсетілген. Бағдарлама аяқтал­ған­нан кейін тұрақты жұмыспен небәрі 13 мың адам қамтылады. Бірқатар өңір­­­де бағдарлама қорытындысында мар­дым­сыз тұрақты жұмыс орнын ашу жос­парланыпты. Осыған орай, Қасым-Жомарт Тоқаев еңбектің екі түрі ара­сын теңгерімге келтіруді жүктеді. Ол дағ­­дарыс уақытында уақытша жұмысқа ор­наластыру маңызды екенін, бірақ мол қаржы жұмсалып отырғандықтан, ана­ғұрлым кең және сапалы жұмыс орнын ашу жайын ойластырған жөн болатынын нық­тады. Сондықтан Үкімет пен әкімдер ал­ды­на триллион жұмсалатын жобаларға қа­зақ­стандық кадрды тарту, отандық құрылыс ком­­­­панияларының қызметін пайдалану, жергілікті құрылыс материалдарын өн­діру­шілердің өнімін тұтыну міндеті қойыл­ды. Басқаша айтқанда, жаппай им­порт алмастыру қолға алынуы тиіс. Әйт­песе, елордадағы және өзге қаладағы зәу­лім ғимаратты, жаңа инфрақұрылымды ны­сандарды, республикалық маңызы бар үлкен автожолдарды ішінара Түркия, Иран, Қытай, Ресей, Әзербайжан және бас­қа елдердің мердігерлері салып келгені жа­сырын емес.    width= Сонымен бірге құрылыс саласында Қа­зақстанда шығарылмайтын өнімдер, конструкциялар және технологиялар пай­даланылатыны мәлім. Осыны ескере оты­рып, ЖҚЖК аясында тауарлар, жұ­мыс­тар және қызметтің кем дегенде 90%-ы отандық өндірушілерден сатып алынуы тиіс деген талап бекітілді.  

Бағдарлама бағын дұрыс басымдық ашады

Жаңа жол картасымен бұл жолы 7 мың­­­нан аса жоба қамтылмақ. Оның әзірге тек 300-дейі – өндірістік, перспективті жо­ба. Тұрақты орындар да осыларда ашы­ла­ды. Жалпы, бұл ЖҚЖК неден тұрады? Ең­бек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрлігінің дерегінше, бағдарлама ая­сында 4 бағытта жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Біріншісі, әлеуметтік инф­рақұрылым, атап айтқанда білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қам­сыз­дан­дыру, мәдениет, спорт, ойын-сауық жә­не демалыс, халыққа қызмет көрсету нысаны са­лынады. Бұл 2  518 жобаны қамтиды, құрылатын жұмыс орны – 92 769. Екінші бағытта сумен, жылумен, газ­бен, электрмен жабдықтау және кәріз жүйе­сі нысандары тұрғызылады, құбыр тө­селеді. Еліміз бойынша мұндай 979 жоба бар, ұсы­нылатын жұмыс орны – 40 071. Үшінші бағыт инженерлік-көлік инф­ра­құрылымын нысанаға алады: яғни қа­ла, кент, ауыл ішінде жол мен тротуар, ірі ны­сандарға кірме жолдар төселеді, бө­ген­дер, бөгеттер және көпірлер – барлығы 2 463 жоба салынады. 73 543 жұмыс орнын жаб­дықтау көзделген. Төртінші бағыт ауыл-қаланы абат­тан­дыруды – аулаларды жайластыруды, кө­шелерді, парктер мен скверді жарық­тан­дырып, көгалдандыруды, иесіз ғимаратты күре­сінге жіберуді, шағын сәулет ком­по­зи­циясын орнатуды, балалардың ойын, ал ересектердің спорт алаңын түзуді қа­рас­­тырады. Мұнда жұмыссыздарға 1 211 жо­бада 35 524 жұмыс орны ұсынылуы тиіс. Қазіргі күрделі жағдайда 240 мың орын аз­дық етуі мүмкін. Сол себепті Үкімет жа­­­нындағы Халықты жұмыспен қамту мә­селелері жөніндегі ведомствоаралық ко­миссия шешімі негізінде басқа да жұ­мыстар мен нысанды іске асыруға және қар­жыландыруға рұқсат етіледі. Бағдарламаға кім қатыса алады? Жұ­мыс­пен қамту орталықтары әлдебір жұ­мыс­қа біліктілігі жарайтын мамандарды ірік­теп, жобаларды жүзеге асырушы жұ­мыс берушіге не мердігерге бағыттайды. Өз бетінше баруға рұқсат етіледі. Қажет бол­са, кадрлар жұмыс берушінің өтінімі бойын­ша тиісті жұмысты орындау үшін қайта даярлықтан өткізіледі. Жұмысқа ор­наластыруда 29 жасқа дейінгі жастарға ба­с­ымдық беріледі. ЖҚЖК үшін бөлінген қаражатты қан­дай жобаға жұмсайтынын әр әкімдік өз бетінше шешеді. Тек жергілікті тұрғын­дар­ға жұмыс тауып берсе болды. Жол картасын іске асыру қашан бас­талады? Оның жобаларын жүзеге асыру­ға өңірлер осы сәуір айында ғана кі­ріс­ті. Ауыл-аймақта жұмыс іздегендер ғи­мараттарды күрделі және ағымдағы жөн­деуге шақырылып жатыр. Бұл жұмыстар күз­дің аяғына дейін, қар түскенше жүреді. Яғни, маусымдық сипатта. Ал жаңа объек­тілердің құрылысы жыл соңына дейін қар­жыландырылады. Жұмыспен қамту орталықтары жол кар­тасы жобаларына жұмысшы іздеумен ай­налысатын жылжымалы рекрут пунктін құра­тын болады. Оларға кеңес беру, ко­ронавирусқа қатысты медициналық тес­тілеуден өткізу, жұмысшыларды жеткізуді ұйым­дастыру жүктеледі. ЖҚЖК жобаларында жалақы 85 мың теңгеден кем болмауы қажет. Жаңа бағдарлама жұмыс орнын құ­ру­мен шектелмей, экономиканың өз­ге са­ла­ларына мультипликативті ық­пал ет­пек. Бүгінде құрылыс пен реконстру­кция­ға қа­жетті негізгі материалдар бойынша отан­дық өндіріс ішкі қажеттілікті өтей алады. Бұ­ларға цемент, тауарлық бетон, гипс, құрылыс қоспалары, гипсокартон жатады. Қазақстанда 12 цемент, 27 кірпіш зауы­­­­ты, сонымен қатар 3 арматура, 5 бояу, 10 құр­ғақ құрылыс қоспасын өндіруші, 1 ке­рамикалық бұйымдар зауыты бар. Әр облыста тауарлық бетон және бетон бұйым­дарын шығаратын кәсіпорын жұ­мыс істейді. Мемлекет басшысы Үкіметке бұл кә­­­­­сіпорындар жағдайды пайдаланып, өнім бағасын күрт өсіріп жібермеуін қа­дағалауды тапсырды. Өйткені құрылыс жо­балары құнының 60%-ын құрылыс ма­териалдарының бағасы құрайды. Де­мек, саладағы баға қымбатшылығы жол кар­тасына бөлінген бюджет қаражатының тиім­сіз жұмсалуына және оның әлде­кім­дердің қалтасында шөгіп қалуына соқ­тырмақ. Мемкомиссияға сондай-ақ ЖҚЖК жобаларында жұмыс қауіпсіздігін қам­тамасыз ету, COVID-19 таралуын бол­дыр­мау тапсырылды. Бөлінген қаржыларды арнайы топ қа­таң бақылауда ұстайды. Топ құрамын және жұмыс тәртібін алда Президент Әкімшілігі анық­тайды. 2009 жылғы жол картасы елге біраз игі­лік әкелді. Жаңа өндіріс орындары ашыл­ды, елдің индустриялануына жол ашты. Қазақстандағы халықтың эко­но­­­микалық белсенділік деңгейі 2015 жылы 71,7% пайызға дейін жетті. Яғни, ең­бек­қор азаматтар үлесі артты. Мысалы, Кеңес Одағы тараған тұста бұл көрсеткіш рес­публикамызда тек 68,6% болатын. Жұ­мыссыздық деңгейі 2000 жылғы 12,8%-дан 2010 жылы 5,8%-ға дейін төмендеді. Белгілі экономист-ғалым Роза Бұғы­баева бұған дейінгі жұмыспен қамту жол кар­талары аясында біраз мәселе шешімін таппағанын айтады. «Мысалы, ұлттық еңбек нарығы тең­герімге келтірілмеді. Әсіресе, әйел­дер жұ­мыс­сыздығы жоғары деңгейде сақ­талуда. Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар мәселесі шешілмеді. Жұмыссыздықтың жасырын түрлері байқалып отыр. Кәсіпорындардың жоғары білікті мамандарға ғана емес, тіпті қа­рапайым жұмысшы кәсібі өкілдеріне деген сұранысы да қанағаттандырылмады. Салдарынан былтыр шетелдік миг­рант­тарға шектеу қойылғанда, бірқатар инф­­­­ра­құрылымдық жобалар тоқтап қал­ған. Елде еңбек ресурсының сапасы ин­новациялы экономика қажеттілігіне сәйкес келмейді. Жұмыс күші ресурсының сол бойы бірнеше өңірде шоғырланып қалуы мәселесі шешімін таппады. Жаңа жол картасы осы мәселелердің түйінін тар­­қатуға мән берсе, дұрыс», – дейді са­рап­шы.  

 width=Айхан ШӘРІП