«Алдымен ішкі нарықты қамту керек, экспорт – екінші қадам» – Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров
«Алдымен ішкі нарықты қамту керек, экспорт – екінші қадам» – Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров
212
оқылды
Елімізде көктемгі дала жұ­мыстары баста­лып кетті. Мем­лекет төтенше жағдайға қарамас­тан,шаруаны ар­зан ди­зель отынымен, па­йы­зы тө­мен қаражатпен қам­­­­­­тамасыз ететін болды. Азық-түлік қауіпсіздігі үшін өнімнің кейбір түр­лерін ше­­ка­радан өткізуге тыйым са­лын­ды. Десе де, экс­портқа тыйым салу кә­сіпкерлер ара­сында екіұдай дау ту­­ғыз­ған. Біреу­лер шек­теу дұрыс деп санаса, екін­шілері оның кері әсерін көп айтуда. Одан бөлек, карантин та­лап­­тарына орай, өндірушілер мен фер­мерлер тара­пы­­нан туындаған сұрақ та көбейді. Осы орайда, Ауыл шаруашылығы ми­нистрі Са­пар­хан Ома­ровпен ар­найы сұх­­бат құрып, кө­кей­дегі көп са­уалға жауап ал­ғанды жөн көр­дік – Сапархан Кесікбайұлы, көктем­гі егіс және егін жинау жұмыстарын өткізуге дайындығымыз қалай болып жатыр? Өңірлерде шаруаларды тұқым­мен, тыңайтқышпен қамтама­сыз ету көрсеткіші қандай? – Өздеріңіз білетіндей, Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі егіс нау­қа­нын уа­қы­тында, сапалы жүргі­зу­­ге тап­сырма берді. Жалпы, 2020 жылы ауыл шаруашылығы да­қыл­­дары­ның егіс алқабы 22,5 млн гек­тар­ды құрайды, бұл өткен жыл­ғы көр­сет­кіштен 238 мың гек­тарға ар­тық. Бүгінгі кү­ні барлық дайын­дық жұмысы жүр­­гізілгенін атап өткім келеді. Ша­мамен алғанда 2,5 тонна тұқым себілді, оның ішін­де дәнді дақылдар – 1951,3 мың тонна, майлы дақылдар – 90,4 мың тонна, жем-шөп – 17,8 мың тонна, картоп – 426,7 мың тон­на. 2020 жылғы 8 сәуірдегі жағдай бойынша тексеруге 1 142 мың тонна дәнді дақылдар тұқымы келіп түсті. 1 016 мың тоннасы тексерілді (89% қолда бар). Кондицияға 95% сәйкес келеді, 47 мың тонна немесе 5% кондицияланбаған деп танылды. Ал тыңайтқышқа келер бол­сақ, облыстардың жергілікті бюдже­тін­де 480 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алуға мүмкіндік бар. Оған қосымша 54 мың тон­на тыңайтқыш сатып алуға респуб­ли­ка­лық бюджеттен 2,8 млрд теңге бөлініп отыр. Осы орайда айта кетейін, биыл­дан бастап тыңайтқышқа бөлі­не­тін қаражат көлемін көбейт­келі отырмыз. Өйткені алынатын өнім көлемін көбейту үшін ты­ңайт­қыш қажет. Бүгінгі күні тыңайт­қыш­тың керек мөлшерінің 18%-ын қолданамыз. Ал Ресей мен Бела­русь­те оның мөлшері 50%-дан жоғары. Біз де осы деңгейге жетуіміз керек. – Елімізде картоп тұқы­мын өсірумен айналысатын шаруа­шы­лық­тар бар. Дегенмен көкөністің өзге түрлерінің тұқымын негізінен шетелден сатып аламыз. Көкөніс тұқымдары шаруашылығын өзімізде дамытуға қандай да бір кедергі бар ма? – Дұрыс айтасыз, қазір елімізде кар­топ тұқымын өндірумен 6 ори­гинатор, 9 элиталық тұқым шаруа­шылығы және 22 тұқым шаруа­шы­лығы айналысады. Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармаларының деректері бо­йын­ша, аттестатталған тұқым ша­руа­шылығы субъектілері 2020 жылдың өніміне сорт ауыстыру және сорт жаңарту үшін 38,6 мың тонна картоп тұқымын өндірді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 мың тоннаға артық. Негізінен шетелдік селекция үшін картоптың азғантай бөлігін импорттаймыз. Мәселен, былтыр 2,3 мың тонна тұқым алдық, ол алдыңғы жылғы көрсеткіштен 1,7 мың тоннаға аз. Десек те, көкөніс дақылдары бойын­ша импорттың үлесі жо­ғары. Оған себептің бірі аттес­тат­тал­ған тұқым өндірушілер саны­ның жеткіліксіздігі, сондай-ақ маман­дандырылған тұқым ша­руа­шылығы техникасының бол­мауы. Екіншіден, көкөніс тұқы­мы шаруашылығы үшін озық техно­ло­гия, білікті мамандар қажет. Ол бағытта да жұмыс жүргізіліп жатыр. Республика бойынша «Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС көкөніс дақылдары сорттарының селекциясымен айналысады. Өз тарапымыздан шаруашылықтар сатып алған тұқым шаруашылығы техникасы мен тазалау-сұрыптау жабдықтарының 25%-ын өтеп беру шарасын қабылдадық. Оған қоса өндіріске озық технология енгізу мақсатында шетелдік компа­ния­ларды тартуды пысықтап жатырмыз. – Президент көктемгі дала жұ­мыстары үшін дизель отынын на­рықтық бағадан 15 пайызға тө­мен бағамен жеткізуді тапсырды. Жергілікті атқарушы органдарда бұл тапсырма қалай орындалып жатыр? Арзан отын барлық өңірде шаруаның қолына жетті ме? Сіздердің ми­нистрлік жағдайды қалай бақылап отыр? – Жанар-жағармай мәселесіне келер болсақ, Президент тапсыр­ма­сы бойынша дизель отынының бағасы қазір тоннасы 165 теңгеден босатылуда, яғни 19 теңгеге арзан. Егіс жұмыстарын уақытында жүргізу үшін ақпан-маусым аралығына 387 мың тонна дизель отыны бөлінді. Барлық облыста операторлар анықталды, сол бойынша жұмыс басталды. Дегенмен сіздің сұрағы­ңыз бойынша айтар болсам, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының әкімі осы бағыттағы жұмысты бірден тиімді нәтижемен бастап отыр. Яғни, жеңілдікпен берілетін дизель отыны бағасы нормативте 165 теңге деп бекітілген болса, аталған екі өңірде баға – 158 және 159 теңге. Демек, жергілікті билік отынды жеткізуші операторлармен тиімді шарттар жасаса білген деген сөз. Ал негізінен бүгінгі күні барлық облыста жұмыс қолға алынды. 13 сәуір күнгі көрсет­кішпен айтсақ, 387 мың тонна дизель отыны бойынша 147,4 шарт жасалып, 146 мың тоннаның (38%) қаржысы төленген. 120,7 мың тон­на отын шаруаларға жөнелтілді. Ми­нистр­лік пен жергілікті әкімдік бұл мәселені тұрақты бақылауда ұс­тай­ды. –  Дегенмен диқандар карантиндік шектеулерге байланысты қойылған блок-бекеттер жұмысқа кедергі кел­­ті­ріп жатқанына шағымданып жатыр. Тіпті, кейбір өңірде фермерлер әлеу­меттік желі арқылы «биыл егістік ек­пейміз» деген ренішін жолдап үлгерді. Егер шынымен осындай жағ­дай орын алса, күзде өнімсіз қал­маймыз ба? – Әрине, карантинге байла­ныс­ты жүріп-тұру қозғалысты шектеді. Себебі карантиндік та­лап­тың көздейтіні – қауіпсіздік мәселесі. Адам денсаулығы ал­ғаш­қы орында болуы керек. Де­ген­мен ауылдағы шаруаның қа­зір­гі күйіп тұрған жұмысын да еске­руіміз керек. Көктемгі дала жұмысы күтіп тұрмайды. Рас, басында түсінбеушіліктер болды. Мұндай республика бойынша төтенше жағдайдың енгізілуі де елімізде алғаш тіркеліп отыр ғой. Сол себепті де, кейбір өңірлерде кемшіліктер орын алды. 15 сәуір күні Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтіп, осы жайттар қаралды. Біздің министрлік комиссия отырысында «әр облыста жедел топтар құрыл­са» деген ұсыныс енгізіп, ол қабыл­данды. Ол жедел топқа барлық әкім­нің ауыл шаруашылығы сала­сына жауапты орынбасарлары, «Атамекен» ҰКП-ның өкілдері және Фермерлер одағының адамдары кіреді. Барлық проблемалық сұрақтар күнделікті осы жедел топта қаралып, шешім қабылданады. Қарағанды облысында ондай топ құрылып, жұмысын бастап та кетті. Енді басқа өңірлер де жедел қолға алады деп сенеміз. Себебі жергілікті атқарушы орган өкілдері өз аймағындағы фермерлерді жақсы біледі. Ешқандай құжат сұрамай, бірден шешім қабылдауға дұрыс болады деп ойлаймыз. Жеке куәлігі болса болды, сол бойынша блок-бекеттерден өткізіп отыруы тиіс. Қазір біздің министрлік бойынша жедел штаб құрылған. Ол жедел штаб call-орталықтар,WhatsApp-топтар арқылы жылдам хабар алып, жұмысты реттеуге көшті. Барлық облыста электрондыпорталдар ашыл­ған. Осы портал арқылы тап­сырыстар беріліп, қозғалыс реттелуі тиіс. Десе де, карантиннің аты – карантин. Талаптарын мүм­кін­дігінше сақтауға тырысамыз.  

Яғни, осыдан жарты ай бұрын Орталық Азиядағы елдер біздің ұнның бір тоннасын 320 долларға сатып алатын. Қазір баға тоннасына 360 дол­лардан асты.Нарықты қа­рап, біліп отырмыз. Бидай мен астықты экспортқа шы­ға­­румен айналысатын ком­­паниялар да көбейді. Олардың ішінде бұрын не бидай екпеген, не ұн өндір­меген компаниялар да бар. Демек, сұраныс артқан сайын қызығушылық кө­бейе­тіні сөзсіз. Айқай шы­ғарып жүргендер де солар.

  – Жалпы, коронавирус панде­мия­сына байланысты министрлік азық-түліктің бірнеше түрінің экспортына шектеу енгізді. Алайда экспорттаушылар бұл шешіммен келіспейтінін айтып дабыл қақты. Алдымен астыққа қатысты, кейіннен орамжапырақ пен пиязға қатысты шу шықты. Шектеу не себепті енгізілді және өнім өндірушілердің мәселесі қалай шешіледі? – Бірден айтайын, экспортты шек­теу – оңай шаруа емес. Әлемде жаппай жайылған індеттен соң әр мемлекет сақтық шарасын жасауға көшті. Ең басты міндет – азық-түлік қауіпсіздігі, ішкі нарықты толығымен қамтамасыз ету. Сол мақсатта экспорттық шектеулер қойып отырдық. Алдымен, қырық­қабат, пиязға қатысты шектеулер туралы айтайын. Карантин жа­рия­­лан­ған кезде еліміздегі орамжа­пырақ, пияз, сәбіз секілді көкөністің екі айға ғана жететін қоры болды. Егер сол кезде шектемесек, бірден шетелге сатып жіберіп, өзімізде тапшылық болар еді ғой. Ал ерте пісетін орамжапырақ жаңа өнімін алғанға дейін уақытша бір ай болсын, шектеу қажет болды. Оңтүстіктегі өнімнің шыққанына көп бола қойған жоқ. Осы жаңа өнімді жинау басталып, көлемі анықталған кезде шектеуді алып тастадық. Бірақ сол екі ортада шу шығып үлгерді. Әри­не, ол шаруашылық иелерін де түсінуге болады. Олар – жыл сайын шетелге сатып, пайда тауып отырғандар. Дегенмен ең бірінші мақсат ішкі нарық болуы тиіс. Қазір облыстардан тапсырыстар түсті. 50 мың тонна орамжапырақты өзі­міздің өңірлер сатып алады, қалған 250 мың тонна өнімді Ресейге сатуға рұқсат берілді. Министрлік тарапынан 2 сә­уір­де жекелеген тауарларды сырт­қа сатудың кейбір мәселесіне бай­ла­нысты арнайы бұйрық шықты. Бұйрыққа сәйкес, картоп тұқымы экспорты бойынша осы айға кво­та­ның көлемі – 10 000 тонна, сондай-ақ тазартылмаған күнбағыс майында да квота 10 000 тонна деп бекітілді. Экспортқа рұқсат етілген өнімдерге фитосанитарлық сертификат бері­ле­ді. Бүгінгі күні фермерлер мен экспорттаушыларға 5 мың тонна пияз экспортына 220 сертификат, 240 тонна сәбіз экспортына 14 сертификат, 7,2 тонна орамжапырақ экспортына 310 фитосанитарлық сертификат берілді. – Ал астық дақылдары, оның ішінде бидай мен ұн экспортына шек­теуге қатысты экспорттаушылар Президенттің атына үндеу хат жол­дады. Бұл мәселе бойынша сіздердің министр­лік қандай шешім қабылдады? – Біз бұл сұрақты астық одағы және бидай өңдеуші кәсіпорындар өкілдерімен талқыладық. Ақыры бидайға да, ұнға да шектеу енгізу керек деген шешімге келдік. Астық дақылдарын сыртқа сататындарға, әрине мұндай шектеу ұнамайды. Себебі коронавирус пандемиясынан кейін көп мемлекет, әсіресе азық-түлік импорттаушы елдер астықты көп сатып ала бастады. Нарықта дүрбелең туып, азық бағасы кө­те­­ріл­ді. Мәселен, жақында жаңа­лық­тардан көрген боларсыздар, Қырғыз Республикасының депу­тат­тары өздерінің үкіметіне Қа­зақ­станнан келетін ұнның қымбаттап кеткені туралы сауал жолдады. Яғни, осыдан жарты ай бұрын Орталық Азиядағы елдер біздің ұнның бір тоннасын 320 долларға сатып алатын. Қазір баға тоннасына 360 дол­лардан асты. Нарықты қа­рап, біліп отырмыз. Бидай мен астықты экспортқа шы­ға­­румен айналысатын ком­­паниялар да көбейді. Олардың ішінде бұрын не бидай екпеген, не ұн өндір­меген компаниялар да бар. Демек, сұраныс артқан сайын қызығушылық кө­бейе­тіні сөзсіз. Айқай шы­ғарып жүргендер де солар. Бұрын айына экспортқа 120 мың, ары кетсе 150 мың тонна тиеп жүретінбіз. Мамыр айында да сол көлемде сатуға рұқсат береміз. Ал мына дүрбелеңді пайдаланып, айына 200-300 мың тонналап сат­қы­сы келетіндер бар, оған жол беріл­мейді. – Демек, бұрын бидай екпей, ұн өндірмей келіп қазіргі сұранысты пай­даланып, экспортпен айналыса бас­тағандар көбейсе, бұл салада кө­лең­келі бизнес бар дегенді білдірмей ме? Мұндайға жол бермеу үшін Сіздердің министрлік тарапынан қандай да бір бақылау, реттеу жасалуы керек қой… – Біз енгізіп отырған шектеу де осының алдын алуды көздейді. Қазір бидайды экспорттаудың жаңа ережелерінің бірі – экспорттаушы ли­цензияланған элеваторда астық­тың көлемін міндетті түрде рас­тауы қажет. Оның нақты экс­порт­қа және ішкі нарыққа ар­нал­ған санын біз білуіміз керек. Жасы­ра­тыны жоқ, кейбір элеватор­лар мен астық қабылдайтын кә­сіп­­орындар лицензия алуды қала­майды.Сон­дық­тан олар Ауыл шаруа­шы­лығы министрлігінің ақпараттық жүйесінде тіркелмеген, олардағы астықтың қорын, қозғалысын біз бақылай алмаймыз. Алайда ли­цен­зия алғысы келмейтін кей­бір элеваторлар мен астық қабылдау кәсіп­орындары бар. Неліктен? Өйт­кені қанша бидай қабыл­дағанын және қанша бидайды экспорттағанын көрсеткісі келмейді. Жоғарыда өзіңіз айтқан үндеу хатты жазғандардың көпшілігі – осы лицензиясыз жұмыс істейтін кәсіпорындар мен элеваторлар. Ал елдегі төтенше жағдай кезінде сол лицензиясы жоқ элеваторлар мен кәсіпорындар, Ресейдің шекаралас облыстарынан заңсыз импортталған бидайды заңдастырып, мысалы квоталарға сәйкес экспортқа шыға­руы мүмкін еді. Дегенмен бидай экс­портына шектеу енгізу кезінде біз квоталарға өтінімді салалық бірлестіктер – «Қазақстанның Ас­тық одағы» және «Қазақстанның ас­тық өңдеушілер одағы» арқылы қа­лыптастырамыз. Астықты ли­цен­зияланған элеваторда сатылатын астық көлемін растай алатын кәсіп­орын­дар ғана шығара алады. – Еліміздің астық қоры туралы ақ­парат әртүрлі. Мәселен, таза бидай дақылының сақталған көлемі туралы нақты мәлімет бере аласыз ба? – Астық қоры туралы ақпарат­тың әртүрлі болатын себебі, ол – халықтың күнделікті тұтынатын өні­мі. Ішіп-жемнен бөлек, астық да­қылы мал азығына, өндіріске, экс­портқа тоқтаусыз жөнелтіліп жатады. Сол себепті де ақпарат күн­­делікті өзгеріп отырады. Сізге 1 сәуір­дегі көрсеткіш бойынша айт­сам, республикада 7,7 млн тонна астық дақылы бар. Оның ішінде қатты бидай, жұмсақ бидай, арпа, қарақұмық және т.б дақылдар бар. Ал таза бидайдың көлемі – 3,8 млн тонна. Оның 1,8 млн тоннасы тұ­қым­­дық бидайға қажет. Жобамен ішкі нарыққа 600 мың тоннасы кете­ді. 500 мың тонна азаймайтын қор, яғни оған мүлдем тиіспеуіміз керек. Осының барлығын есептей келе, 3,8 млн тонна бидайдың 1 млн тон­насын ғана экспортқа шыға­ру­ға рұқсат деген қорытындыға келіп отырмыз.Бірақ ол көлемді бірден бір айдың ішінде сатуға рұқсат бере алмаймыз. Ол квота арқылы біртіндеп сатылуы тиіс. Қалай десек те, біз бірінші кезекте өз нарығымызды қамтамасыз етуді ойлауымыз керек.    width= – Экспортқа шектеу демекші, осы жылдың басында тірі мал экспортына қатысты тыйым шыққан кезде де Ет одағы бірлестігі министрлік шешімімен келіспейтіндерін білдірді. Сіздердің тараптан жасалған шектеулердің өнім бағасына, өндіріс көлеміне қан­ша­лық­ты әсері болды? – Айта кету керек, тірі малды экс­портқа шығаруға тыйым салуды енгізуге дейін малды жапай шығару кезеңінде еттің орташа бағалары келісіне 2000-2200 теңге болды.Тыйым салуды енгізу нәтижесінде ет бағасы едәуір төмендеп отыр. Мә­­се­лен, сәуірдегі жағдай бо­йын­ша республикада сиыр еті­нің ор­та­ша­ бағасы 1 871 теңге бол­ды. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қала­сын­­да – 2 150 теңге, Алматыда – 2 169 теңге, Шымкентте – 1 904 тең­ге, Түркістанда – 1 910 теңге.Кө­ріп отыр­ғанымыздай, малды шы­ға­руға шектеуді енгізу – бағаны тұрақ­­тандыруға оң әсерін тигізді және халықтың етке қолжетімділігі арта түсті. Одан бөлек, тыйым салу кезеңінде ет өндеуші кәсіп­орын­­дардың жүктемелігі 5 %-ға көбейді. Дегенмен бұл көрсеткіш әлі төмен деңгейде. Ет өндеуші кә­сіпорындардың орташа жүкте­ме­лігі 45 % немесе 113 мың тона (құс етін қос­пағанда) өнделген. Бұл көр­сет­кіш жалпы ет көлемі өндірі­сі­нің 13%-на тең. – Ауыл шаруашылығы өнімін ­суб­си­диялаудың ережесі мен нормалары өзгеріп жатыр. Бұл өзгерісті де қа­был­д­амай жатқандар бар. Мәселен, жыл басында жұмыртқа өндірушілер дауы шықты… – Сіздер мынаны түсініңіздер, суб­сидияға өзгеріс енгізілгенде ша­руа­лардың жағдайын қиын­да­та­тындай өзгерістер енгізілген жоқ. 2017-2021 жылдарға арналған АӨК мемлекеттік бағдарламасында жазылғандай, жүйелі түрде ережелер енгізіліп жатыр. 2019 жылы тауарлы-спецификалық субсидия деген енгізілді, яғни 1 литр сүтке, 1 дана жұмыртқа берілетін субсидия түрі. Ол бағдарлама бойынша «2019 жы­лы өсімдік шаруашылығында, 2020 жылы мал шаруашылығы бо­йын­ша тауарлы-спецификалық суб­сидиядан кетуіміз керек» деп көр­­сетілген бағдарламада. Жоспар бо­йынша шешім қабылданды, жаңа­дан ойластырған жұмыс емес. Рас, жұмыртқаға қатысты шу шы­ғып, қоғам талқысына түсті. Бұған дейін әрбір дана жұмыртқаға 3 теңгеден субсидия беріліп келді. Жұмыртқамен ішкі нарықты 110% қамтамасыз ететін жағдайға жеттік, экспортқа шығара бастадық. Енді субсидияға өзгеріс енгізу керек қой. Сондықтан әр жұмыртқаға бе­рілетін субсидияны тоқтатып, та­уыққа берілетін жемге, оның қос­пасына субсидия енгіземіз деп ше­шім қабылдадық. Жем-азық да­қыл­дарын субсидиялау арқы­лы дамытуымыз қажет. Дегенмен мы­­нандай пандемия жағдайына тап келгендіктен, бір жылға жұмырт­қа­ның субсидиясын қалдыратын бол­дық. Себебі жұмыртқа өндіру­ші­лер көптеген қажетті затты шетелден сатып алып отыр. Әсіресе, тауыққа берілетін жемге қоспаның түрлерін сырттан аламыз, коронавирусқа байланысты оны жеткізу қиындады. Сондықтан қолдау көрсету қажет. Бірақ бұрынғыдай ол әр данасына 3 теңгеден берілмейді, 1,1 теңгеден тө­ленеді. – Жұмыртқадан басқа қандай өнім­ге субсидия қалдырылды? Қайсы­сы алынып тасталды? – Биылдан бастап қайта өңдеу кәсіпорындарына тапсырылған күріштің және шитті мақтаның 1 тоннасын субсидиялау шаралары алынып тасталды. Ал дәндік жүгері мен қант қызылшасын өндіруге жұм­­салған шығындар ішінара өте­ле­ді. Тұқым шаруашылығына кел­сек, элиталық және бірінші реп­ро­­дук­циялы тұқымды, сондай-ақ эли­­­талық көшеттерді сатып алу суб­­сидияланады. Тыңайтқыштарды суб­­­сидиялау механизмі өзгерген жоқ. Қазіргі күні мақтаның әлем­дік нарықтағы, биржадағы баға­сы төмендеді. Ал күріш дақылы бойын­ша ішкі нарықтың 97% қамтитын жағ­дайға жеттік. Десе де, оларды өсіруді мүлдем тоқтатамыз деген сөз емес. Биылдың өзінде Қызылорда об­лысында 88,2 мың гектарға күріш егі­леді деп жоспарланып отыр. Жал­пы, Сыр өңірінде биыл өнім көлемін әртараптандыру мақсатында 290 гектарға соя дақылы, 200 гектарға қант қызылшасы және 164 гектарға жеміс-жидек егіледі. Сондай-ақ күріш және мақта бойынша 2019 жылғы төртінші тоқсанда өткізілген (тапсырылған) өнім шығындарын ішінара өтеуге субсидия бөлінеді. Екіншіден, биылдан бастап сүт шаруашылығын дамыту үшін суб­сидия қарастырылады. Сүт өңдеу, сапасын жақсарту жағына көңіл бөлінеді. Жылына 25 тауарлы сүт фермалары салынуы тиіс. Бұл жо­ба­ларға инвестициялық субси­дия­лар қарастырылады. Үшіншіден, ұсақ мал шаруа­шы­лы­ғына бұрын көп көңіл бөлінбей келді. Қазір оны қосып отырмыз. Себебі қой етін экспорттауға әле­уе­тіміз көп. Оның үстіне қой еті­не сұра­ныс та артуда. Оңтүстік об­лыс­тар, Жезқазған, Торғай дала­сы қойды көбейтуге ыңғайлы, тұр­ғындары да ұсақ мал өсіруге бұ­рын­нан бейімделген. Осыны еске­ре келе, қой шаруашылығын да басты назарда ұстап, қаржыландыру көле­мін ұлғайтсақ деп отырмыз. Бір сөз­бен айтқанда, қой шаруа­шы­лы­ғында барлық бағыт бойынша субсидиялау нормативі көтеріледі.Сондай-ақ шетелдік асылтұқымды аналық қой басын, эмбриондарды сатып алу бойынша жаңа бағыттар енгі­зіліп жатыр. – Мемлекет басшысы агроөн­ді­­рісті қолдау мақсатында биыл екі ба­ғытта қаржы бөлуді тапсырды. Же­ңіл­детілген үстеме пайызбен берілетін қара­жатты жеткізудің механизмі қа­н­­дай? – Президент тапсырған бұл қар­­жыға келер болсақ, республика­лық бюджеттен бөлінетін 70 млрд тең­генің 90%-ы «Аграрлық несие кор­­порациясы» мен екінші деңгейлі банк­терге берілді. Осы екі жүйе ар­қы­лы қаражат беріліп жатыр. Одан бөлек несие серіктестері ар­қы­лы да ұсақ шаруашылықтарды қаржы­лан­дыру тетігі іске қосылды. Ол қаржының сыйақы мөлшерлемесі 5%-дан аспауы тиіс. Қазіргі сәтте 2,5 мың ауылшаруашылық тауар өндірушілері 63 млрд теңгеге несие алды.Бұдан басқа, Мемлекет бас­шысы «Қарапайым заттар эко­но­­микасы» бағдарламасы негі­зін­де де қосымша 100 млрд теңге қарастыруды тапсырған. Суб­си­диялауды есепке алғанда, бұл бағ­дар­л­ама арқылы берілетін қара­жат­тың да жылдық сыйақысы 6%-дан аспайтын болып белгіленді. Бұл елімізде алғаш рет жасалып отыр. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша көктемгі дала жұмыстарына бұрын қаражат бөлінбеген болатын. Төтенше жағдайды ескере отырып, Үкіметке аталған бағдарлама бойынша қосым­ша қаржы қарастыруды тапсырған. Бұл қаражат «Аграрлық несие кор­по­рациясы» арқылы беріледі. Бір сөз­­бен айтқанда, биыл дағдарысқа қарамастан, агроөндірісті қаржылық қолдау тұрғысында барлық жағдай жасалып отыр. – Әңгімеңізге рақмет!  

Сұхбаттасқан Бауыржан БАЗАР