Үкімет басшысы карантин режимі қашан жеңілдейтінін айтты

Үкімет басшысы карантин режимі қашан жеңілдейтінін айтты

Премьер-министр Асқар Мамин Үкімет отырысында карантин режимі жайында айтты. Оның айтуынша, кешеден бері Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантиндік режим жеңілдетілді. Санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, экономиканың бірқатар саласындағы кәсіпорындар жұмысын бастады. Соның ішінде, құрылыс, өнеркәсіп және қызмет көрсету салаларындағы кәсіпорындар. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантиндік режимге өзгерістер енгізу және біртіндеп жеңілдету туралы тиісті шешім қабылданатын болады. Басқа да кәсіпорындар мен бизнес субъектілеріне жұмысын жалғастыруға рұқсат берілетін болады. Мұндай жұмыс еліміздің басқа да өңірлерінде жүргізіледі. Бірақ  Премьер-министрдің айтуынша, карантин тәртібін жеңілдету бұл санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік қатаң сақталса ғана жүзеге асуы мүмкін. Айта кетейік, 20 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында өнеркәсіптік кәсіпорындар, құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, ірі құрылыс дүкендері, көлік, қойма компаниялары, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік компаниялар, автосалондар, ТҚС, автожуу, дөңгелек ауыстыру сервисі, автобөлшектер дүкендері, химиялық тазалау, кеңсе техникасын жөндеу және екінші деңгейлі банктер белгіленген тәртіппен жұмыс істеп жатыр.