Шалғайдағы аймақтарға 13 әуе айлағы салынады
Шалғайдағы аймақтарға 13 әуе айлағы салынады
Фото: Интернеттен алынды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, алдағы 5 жылда Қазақстанда 13 әуе айлағы салынады. «Биыл біз Түркістан қаласындағы жаңа жолаушылар терминалын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Үржар қаласының әуежайын қайта жаңартуды бастаймыз. Сондай-ақ, Шымкент қаласында әуежайдың жаңа терминалы құрылысы мен Орал қаласы әуежайының аэровокзал кешенін қайта жаңарту жалғасады», –  деді министр. Министрдің айтуынша, қаржы бөлінген жағдайда Өскемен және Үшарал әуежайларының ұшу-қону жолақтарын қайта жаңарту жұмыстары басталады. «Алдағы 5 жылда 13 әуе айлағын салу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта Үшарал, Үржар, Зайсанда әуе айлағы жұмыс істеп тұр», – деді Б. Атамқұлов. Бұған дейін министр пандемия салдарынан Қазақстан авиациясы 300 миллиард теңге шығынға ұшырауы мүмкін екенін айтқан болатын.