Jas Otan тегін азық-түлік пен бетперде таратты
Jas Otan тегін азық-түлік пен бетперде таратты
196
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласының еріктілері #BizBirgemiz республикалық акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен 300-ге жуық отбасыға азық-түлік кәрзеңкесі мен гигиеналық заттар салынған қорап таратты. Аталмыш акцияны іске асыруға жасотандықтар мен бір топ ерікті жастар атсалысып жатыр. [caption id="attachment_37544" align="alignnone" width="1024"] width= © Айтжан Мұрзанов[/caption] Акция 19 наурыздан бастап тікелей Елбасының тапсырмасымен бастау алған болатын. Қазіргі кезде акция бойынша Қа­зақстанда өз еркімен 5 мыңнан ас­там волонтер, Jas Otan тарапынан 3 мың­нан астам волонтер қызмет етіп жүр. [caption id="attachment_37546" align="alignnone" width="1024"] width= © Айтжан Мұрзанов[/caption] Бүгінгі шараға 100-ден астам ерікті жас­тар жұмылдырылған. Олар іс-шара барысында азық-түлік кәрзеңкесі мен бет­пердені жедел әрі ұйымдасқан түрде есік­тен-есікке жеткізіп отыр. Бұл іс-ша­ра бүгінде Қазақстанның барлық ау­мағында ұйымдастырылуда. [caption id="attachment_37547" align="alignleft" width="333"] width= © Айтжан Мұрзанов[/caption] – Жанымыздан  Birgemiz қоғамдық қо­ры құрылып, 19 миллиардқа жуық тең­­ге жиналды. Соның кішігірім бө­лі­гіне 5 миллион бетперде сатып алын­ды. Қа­­зіргі уақытта халықтың көп шо­­ғыр­­лан­ған жері, еліміздегі ірі мега­по­­­­­лис­тер Нұр-Сұлтан, Алматы және Шым­­кенттегі әлеуметтік жағдайы тө­мен от­­басы 50 бетпердеден та­­­ратылып жа­­тыр. Мәселен, 2 миллион бетперде Нұр-Сұлтан қала­сын­да тұ­ра­тын 40 мыңнан астам отбасыға те­гін үлестірілді, – дейді Jas Otan Жас­тар қанатының жетекшісі.    width= Ол сондай-ақ #BizBirgemiz акциясы ая­сында Қазақстан бойынша 56 мыңнан астам отбасыға 30 келіден артық азық-тү­лік кәрзеңкесі таратылғанын айтты. [caption id="attachment_37548" align="alignnone" width="1024"] width= © Сурет Айтжан Мұрзанов[/caption] – Елдегі төтенше жағдай басыл­майы­н­ша, коронавирус пандемиясы жойыл­майынша бұл акциямызды жал­ғас­тыра береміз. Бұл қайырымдылық ша­ра­сына меценаттар мен кәсіп­кер­лердің, партия қызметкерлері мен жанашыр азаматтардың да үлес қо­сып жатқаны бізді ерекше қуантады. Ұйым­шылдығымыздың, бірлігіміздің  арқа­сын­да бұл қиындықты бірге еңсереміз! – дейді Елнұр Бейсенбаев.  width=Айта кетейік, кезекті рет өткізілген іс-шарада елордадағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасының азық-түлік салынған кәр­зеңкесі Magnum супермаркетінде тол­тырылды.  

Анар ҚОНЫС