Нұр-Сұлтан қаласының еріктілері #BizBirgemiz республикалық акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен 300-ге жуық отбасыға азық-түлік кәрзеңкесі мен гигиеналық заттар салынған қорап таратты. Аталмыш акцияны іске асыруға жасотандықтар мен бір топ ерікті жастар атсалысып жатыр.
[caption id="attachment_37544" align="alignnone" > © Айтжан Мұрзанов[/caption]
Акция 19 наурыздан бастап тікелей Елбасының тапсырмасымен бастау алған болатын. Қазіргі кезде акция бойынша Қазақстанда өз еркімен 5 мыңнан астам волонтер, Jas Otan тарапынан 3 мыңнан астам волонтер қызмет етіп жүр.
[caption id="attachment_37546" align="alignnone" > © Айтжан Мұрзанов[/caption]
Бүгінгі шараға 100-ден астам ерікті жастар жұмылдырылған. Олар іс-шара барысында азық-түлік кәрзеңкесі мен бетпердені жедел әрі ұйымдасқан түрде есіктен-есікке жеткізіп отыр. Бұл іс-шара бүгінде Қазақстанның барлық аумағында ұйымдастырылуда.
[caption id="attachment_37547" align="alignleft" > © Айтжан Мұрзанов[/caption]
– Жанымыздан Birgemiz қоғамдық қоры құрылып, 19 миллиардқа жуық теңге жиналды. Соның кішігірім бөлігіне 5 миллион бетперде сатып алынды. Қазіргі уақытта халықтың көп шоғырланған жері, еліміздегі ірі мегаполистер Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкенттегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасы 50 бетпердеден таратылып жатыр. Мәселен, 2 миллион бетперде Нұр-Сұлтан қаласында тұратын 40 мыңнан астам отбасыға тегін үлестірілді, – дейді Jas Otan Жастар қанатының жетекшісі.
Анар ҚОНЫС