Мердігерлер жол салғанда отандық құрылыс материалдарын пайдалануға міндетті – Асқар Мамин
Мердігерлер жол салғанда отандық құрылыс материалдарын пайдалануға міндетті – Асқар Мамин
Фото: Интернеттен алынды
156
оқылды
Үкімет басшысы Қазақстанда ауқымды жол салу жұмысы жүріп жатқанын айтты. Премьер-министр Асқар Мамин 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша бірқатар тапсырма берді. Оның айтуынша, биыл осы бағдарлама жобаларын іске асыруда 200 мың адам жұмыспен қамтылады. Олар 4 мың шақырым жол құрылысымен және қайта жаңартумен айналысады. Талдықорған – Өскемен, Қарағанды – Балқаш – Қапшағай, Қалбатау – Майқапшағай, Мерке – Бурыл – Байтал, Үшарал – Достық, Ақтөбе – Астрахан, Ұзынағаш – Отар, Петропавл – Ресей шекарасы, Қостанай – Денисовка сияқты 2,6 мың шақырым жол пайдалануға беріледі.
«Биыл республикалық маңызы бар жолдарды пайдалануға беру көлемі өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4 есе артық. Сонымен бірге, жергілікті маңызы бар 3,5 мың шақырым жол жөндеуден және құрылыстан кейін пайдалануға беріледі. Қазақстан тарихында бұрын-соңды мұндай ауқымды жолдар салу бойынша жұмыс жүргізілген жоқ. Сондықтан біздің міндетіміз – оларды толығымен және уақытында орындау. Сол себепті, осы міндеттерді орындау үшін барлық күшті жұмылдыру қажет», – деді Премьер-министр.
Айта кетейік, автожолдардың  құрылысына отандық құрылыс материалдарын пайдаланылану басты талап болып отыр.