Антисептик оразаны бұза ма?

Антисептик оразаны бұза ма?

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы онлайн брифингте коронавирустан қорғану үшін антисептик пен спирт қолдану оразаны бұзбайтынын айтты. ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Антисептик орзаны бұзбайды. Қазір енді біз төтенше жағдайдамыз, жай жағдай емес. Сондықтан бұл кездерде адам қорғану үшін денсаулығына зиян тигізбейтін, қайта денсаулығын қорғайтын дүниелерді біздің шариғатымыз қолдайды», – деді. Биыл Рамазан айы 24 сәуірде басталады.