Мейірбике жаңа кәсіпті таңдады
Мейірбике жаңа кәсіпті таңдады
161
оқылды

Қазір өз ісін бастаймын деген жанға жағдай да, қолдау да бар. Айнала ортаны зерттеп, зерделеп, халықтың сұранысына лайық кәсіптің көзін ашсаң, елге пайдаң тиіп қана қоймай, табысың да артып, жерлестеріңнің алғысына бөленесің.

Ескелді ауданының елді­мекендерінің дені облыс ор­талығының маңында орна­лас­қан. Соған сай келімді-кетімді кісі көп, тірлік қайнап жатады. Аудан орталығы Қарабұлақ ауы­лының тұр­ғыны Зібила Ра­хымжан сауа­бы мол болғанмен бей­­неті де жетіп артылатын, жа­лақысы басқа тартсаң, етек­ке жет­пейтін мейірбике ма­ман­­ды­ғы­ның қызығы мен шы­­жы­ғын бір кісідей бастан өт­­кер­ген жан. Қолы ісмер, бала-шағасының киім-кеше­гін үйде өзі реттеп қоятыны бар. Көрші-көлем мен туған туыс­­тар да тапсырыс бе­ріп тұратын. Ақыры ойлана келе киім-кешек тігетін цех ашуға бел буды. Мемлекет та­рапынан кәсіпкерлікті қол­дауға жа­са­лып жатқан қадам­дар да оның жоспарына қанат бітірді. «Бас­тау» оқыту жобасы арқы­лы бизнес жүр­гізуге машық­танып, 6 млн теңге көлеміндегі жеңіл­детіл­ген несиеге қол жет­кізді де, тігін цехын іске қос­ты. Қа­зіргі кезде мұнда төрт адам ең­бек етеді. Цехта күн­делікті киім­дермен қатар, түрлі ме­ре­­ке­лік костюм, маман­дан­ды­рыл­ған және ұлттық киім тігі­леді.

«Бастауда» кәсіп жүргізу­дің қыры мен сырына біраз қа­нық­тым. Несие алуда да қиын­шы­лық болған жоқ. Қо­лыма тиген қомақты сомаға автоматтанды­рыл­ған станок пен бірнеше тігін машин­ка­сын, мата сатып ал­дым. Әзірге кішігірім орынды жал­­­ға алып отырмыз. Тұрақ­ты клиенттер қатары қалып­тасты. Жеке­мен­шік компа­ния­лар мен мем­­ле­кеттік ұйым­­дар та­ра­пы­нан да ірі тап­­­­сы­рыстар түсе бас­­тады», – дейді кәсіпкер.

Тігін цехының жұмысқа кі­ріс­кеніне бір жылдан енді асқанына қарамастан, тігін­шілердің шеберлігі көпшілік­ті тәнті етіп, цехтың ұсына­тын қыз­меті тапсырыс беру­шілер­дің талғамынан шықты. Жұрт­тың көңілінен шығу оңай емес бүгінде. Заман та­ла­­бына сай таңдау да жақсара түскен. Со­ған қарамастан са­­­палы жұмыс пен бірегей ба­­ғаның арқасында өзіндік тұтынушылар легі қа­лып­та­сып үлгергенін жоға­ры­да айт­­­тық. Бір жылда он алты мың тұрғыны бар ауылдағы мың­нан астам адам аталған цех­қа тапсырыс беріп, жұ­­­мы­­­сына ризашылығын біл­діріпті.

Зібила Рахымжан бүгінгі же­тістігімен тоқтап қалмақ емес. Анасы баулыған тігін­ші­лік өнерін өркендете түс­пек. Алдағы кезде тігін цехын кеңей­тіп, аяқкиім тігетін цех ашпақ. Жұмыссыз замандас­та­рын тігіншілікке баулып, аяқ­киім тігуді үйретіп, еңбек­пен қамтуды ойластырып отыр.

Өткен жылы Ескелді ау­да­нын­да «Бастау» жобасы бойын­ша 162 жұмыссыз жә­не өзін-өзі қамтыған азамат оқып шықты. Олардың ішін­де 47 аза­мат жеңілдетілген не­сиеге жә­не 100 АЕК көле­мін­дегі грант­қа ие болды.

 

Болат АБАҒАН,

Алматы облысы