Бүгін өткен Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Премьер-Министр Асқар Мамин Қазақстанның автожол инфрақұрылымын реконструкциялаудың алдағы жоспарларына тоқталып өтті. Бұл жоспарланған жұмыстардың рекордтық көлемі. Биыл жұмыс көлемі 2019 жылы жүзеге асырылған көлемнен 4 есе асып түседі. Осы жылдың соңына дейін 4 000 шақырым асфальт жол төселеді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Премьер-Министрге 1,5 мың шақырым жолда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айтты. А.Мамин құрылыс қарқынын бәсеңдетпей, құрылыс маусымын тиімді өткізуді тапсырды. Барлығы 200 мың жұмыс орны ашылады. "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2025 жылға дейін 5,5 трлн теңгеге 112 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру көзделген.