Жәмішев Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры директорлар кеңесінің басқарма төрағасы болып сайланды

Жәмішев Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры директорлар кеңесінің басқарма төрағасы болып сайланды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының директорлар кеңесін Болат Жәмішев басқаратын болды, - деп хабарлады қордың баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта ӘМСҚ директорлар кеңесінің құрамына: басқарма төрағасы - Болат Жәмішев, тәуелсіз директорлар - Ораз Жандосов, Гинтарас Кацявичюс, Жақсылық Құлекеев, Юлия Якупбаева, Болат Бабенов, сондай-ақ басқарма мүшелері - Елжан Біртанов, Берік Шолпанқұлов және Айбатыр Жұмағұлов кіреді. Бұған дейін директорлар кеңесін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов басқарған болатын. Жәмішев бұған дейін қордың тәуелсіз директоры болған. Осы жылдар ішінде ол Ішкі істер вице-министрі, Қаржы министрінің бірінші орынбасары, Ұлттық банк төрағасының орынбасары, Қаржы министрі, Қазақстан Даму банкі басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.