"Қазгидромет" РМК синоптиктері бірнеше облыста дауылды ескерту жариялады. 22 сәуірде Ақтөбе облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерінде 15-20 м/с дейін сақталады. Ақтөбе қаласында 22 сәуірде күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 85-90%. 22 сәуір Батыс Қазақстан облысының кей жерінде оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с. Күндіз кей жерде найзағай, бұршақ күтіледі. Орал қаласында 22 сәуір күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%. Синоптиктер хабарлауынша, 22 сәуірде күндіз Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 95-100%. 22 сәуірде Ақмола облысының кей жерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерде күші 15-18 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында 22 сәуірде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 85-90%. 22 сәуірде Қостанай облысының кей жерінде найзағай, тұман күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші түнде кей жерінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Қостанай қаласында күндіз 22 сәуірде найзағай, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%, - делінген хабарламада. 22-23 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман күтіледі. Түнде 23 сәуірде басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Күндіз 22, тәулік бойы 23 сәуірде кей жерде найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с, күндіз 23 сәуірде желдің күші 15-20, екпіні 23-28 күтіледі. Петропавл қаласында 22 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі. 23 сәуірде найзағай күтіледі. Күндіз 22, тәулік бойы 23 сәуірде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20 м/с, күндіз 23 сәуірде екпіні 23-28 күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.