Әлеуқұс Көбеков 1923 жылы дүниеге келген екен. Гвардия ефрейторы кейіннен 280-ші гвардиялық танкке қарсы артиллериялы-атқышықтар полкінің аға телефонисті болған. [caption id="attachment_37524" align="alignleft" > © Сурет интернеттен алынды[/caption]
Ол жағдай 1944 жылдың 30 маусымында, Минск облысының Лапичи ауданындағы қанды шайқас болатын. Ол жаяу әскерсіз Свислочь өзенінің сол жақ жағалауындағы плацдармды басып кірген. Содан қаза болған мергеншіні алмастырып, қалған қару-жарақты қасына жинап, жаудың шабуылдаған танкісіне қарсы оқ жауыдырып, екеуін құлатып түсірген.Ақтөбе облысының қазағы әскерге 19 жасында шақырылған. Тіпті, соғыстағы ержүректігіне орай «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған еді. Ал Гвардия полковнигі Железнеков оның сол ерлігіне орай «Қызыл ту» ордені берілді.
Жаудың снарядынан қаруы да істен шығып қалды. Бірақ ол шайқасын тоқтатпады. Ақырында қолында қалған өз атына берілген жалғыз қаруымен және бірнеше зеңбірекпен немістің шабуылына жойқын тойтарыс бере білді. Сол соғыста ол бір өзі 17 немісті қырып салды.