Қазақстанда заңды тұлғаларға банк шотынан қолма-қол ақша шешіп алуға шектеу енгізілді, деп хабарлайды ұлттық банктің баспасөз қызметі. Ақшаның шекті мөлшеріне қатысты өзгерістер осы жылдың 1 маусымынан бастап күшіне енеді. Ұлттық банк заңды тұлғалар үшін банктегі шоттардан шешіп алуға болатын қолма-қол ақшаның шекті сомасын белгіледі:
- шағын бизнес үшін – күнтізбелік айда 20 миллион теңге;
- орта бизнес үшін – күнтізбелік айда 120 миллион теңге;
- ірі бизнес үшін – күнтізбелік айда 150 миллион теңге.
- жеке тұлғаларға;
- жеке кәсіпкерлерге;
- микрокәсіпкерлік субъектілеріне;
- ауыл шаруашылығы азық-түлігі өнімін, балық өнімін сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;
- тамақ өнімдерін, сусын, фармацевтикалық, медициналық және ортопедия тауарларын бөлшек сатумен айналысатын заңды тұлғаларға;
- екінші деңгейлі банктерге;
- "Қазпошта" АҚ;
- банктік емес ақша айырбастау пунктеріне.