"Қолында Тұрсынбектің өткір қайшы..." – Бетперде тіккендердің бет-бейнесін сіз де көріңіз
"Қолында Тұрсынбектің өткір қайшы..." – Бетперде тіккендердің бет-бейнесін сіз де көріңіз
291
оқылды
Бүгінгі еліміздегі қысылтаяң уақытта меценаттар, бизнесмендер, кәсіпкерлер ғана емес, қарапайым жандар да халыққа жақсылық жасаудан аянар емес.   [caption id="attachment_37591" align="alignnone" width="1024"] width= Атырау облысы[/caption] Елде төтенше жағдай жарияланғаннан бері дәріханалардан бетперде табылар емес. Үкімет тарапынан да жеткізіліп жатыр-ақ. [caption id="attachment_37592" align="alignnone" width="1024"] width= Атырау облысы[/caption] Алайда "баяғы жартас сол жартас". Дәріханалардан бетперденің табылуы қиын. Бар болса да оның бағасы ұшып тұр. Біреуі сатып ала алса, енді бірінің қалтасы көтермейді. Осындай арпалыспен өтіп жатқан күндер. [caption id="attachment_37593" align="alignnone" width="1024"] width= Атырау облысы[/caption] Дегенмен "Құдайдың жақсылығы басыңда тұр" деп Мәшһүр Жүсіп айтқандай, игілік те өзімізден екен. Елге белгілі дизайнер Берік Исмайлов тігіншілермен жиналып, бетперде тігіп, көпбалалы аналарға, зейнеткерлерге, балаларға таратты. [caption id="attachment_34228" align="alignnone" width="1024"]отбасы Алматы қаласы[/caption] Осындай бастаманы әзіл-сықақшы Тұрсынбек Қабатов та бастады. Ол карантин кезінде отбасымен бірге бетперде тігіп, оның волонтерларға таратуды тапсырған еді. [caption id="attachment_37596" align="alignnone" width="935"] width= Нұр-Сұлтан қаласы[/caption] Осындай шараны қарапайым жандар да, көпбалалы ана да қолына алған. Еліміздің әрбір түкпірінде осындай жандар аз емес. Міне, солармен таныстыруды жөн көрдік.  [embed]https://www.instagram.com/p/B-SP3pFjEJV/?igshid=30af03zs9pph[/embed] Мәселен, Махамбет ауданы Ортақшыл ауылының тұрғыны 63 жастағы зейнеткер үйінде бетперде тігіп, немересі екеуі тегін таратып отыр екен.  [caption id="attachment_37620" align="alignnone" width="1024"] width= 63 жастағы зейнеткер Жібек Мағауова[/caption] Зейнеткер Жібек Мағауова бетперде таппаған соң, үйдегі бар материалмен отбасына тіккен болатын. Ертеңінде көршілерін маскасыз жүргенін көріп, оларға тігіп бермекші болған. Сөйтіп немересі екеуі екі күнде 50 маска тігіп, тұрғындарға таратып берген. [caption id="attachment_37624" align="alignnone" width="1024"] width= Әжейдің 11 жастағы немересі[/caption] Күні кеше Түркістан облысының Кентау қаласында 20 мыңға жуық, ал Ордабасы ауданында 60 мыңнан астам бетпердені жергілікті тұрғындар, кітапханашылар мен еріктілер тігіп, тегін таратқан.   width=Солардың бірі Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Спорт және өнер факультетінің Бейнелеу өнері кафедрасының оқытушысы Гүлзира  Қасымбекова. Ол  қашықтан оқыту сабағынан босаған кезде аз да болса қолынан келген көмегін көрсетпекші болған. [caption id="attachment_37598" align="alignnone" width="1024"] width= Түлкібас ауданы[/caption] Сөйтіп, мыңнан астам бетперде тігіп, мұқтаж жандарға, ұстаздарға, студенттерге, оқу ордасының жұмысқа барып жүрген қызметкерлерге  тегін таратып берген. [caption id="attachment_37599" align="alignnone" width="1024"] width= Кентау қаласы[/caption] «Елімізде болып жатқан төтенше жағдаймен тек Қазақстан емес әлем болып күресіп жатыр. Осы кезде баршамыз бірігіп күрессек бұл қиындықты да тезірек жеңеміз», – дейді Гүлзира  Қасымбекова. [caption id="attachment_37597" align="alignnone" width="1024"] width= Түркістан облысы[/caption] «Жаныңда жүр жақсы адам» демекші, әлемді толғандырған мына індетке қарсы тұруда жұмыла кірісіп, көмек қолын созуды азаматтық парызы санаған Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауыл округіндегі ісмерлік тігінші Жәмила Қанапина бетперде тігіп, ауыл тұрғындарына тегін таратқан.  [caption id="attachment_37603" align="alignnone" width="1024"] width= Қарағанды облысы[/caption] «Қазір көп жерде медициналық бетперде табу қиындық тудырып отыр. Бағасы да шарықтап барады. Қолымнан келетін кәсібімді пайдалы іске жұмсауды, көпшілікке жәрдемдесуді мақсат еттім. Енді мата жеткізіліп берілсе, тегін тігіп халыққа таратсам деймін», – деді ол. [caption id="attachment_37604" align="alignnone" width="1024"] width= Қарағанды облысы[/caption] Қарағандыда көпбалалы ана Торғын Баймағанбетова өзі секілді көпбалалы отбасыларға арнап, тамаша маскаларды сыйға тартты. Ал Оңтүстік-Шығыста орналасқан "Фронт" сауда үйі берген мата мен резинкаға алты баланың анасы Перизат Кулымбетова 50 маска тігіп берді. Оны таратқан өзі секілді ана Айша Сүлейменова таратты. [caption id="attachment_37659" align="alignnone" width="1024"] width= Жамбыл облысы[/caption] Алима Садыкова бастаған «Асыл-Ай» тігін фабрикасының ұжымы бірнеше күн бойы аяқтарынан тік тұрып, жамбылдық жағдайы төмен көпбалалы аналар мен мүгедек балалары бар отбасыларға тегін медициналық маскалар тігіп, таратты. [caption id="attachment_37605" align="alignnone" width="1024"] width= Жамбыл облысы[/caption] Масканы жуып, үтіктеп, қайта қолдануға болады. Бірнеше қабатты матадан тігілген, ауаны еркін өткізіп тұрады. Шығынның барлығын кәсіпкер өз қалтасынан шығарған. [caption id="attachment_37606" align="alignnone" width="1024"] width= Жамбыл облысы[/caption] «Әрине, қалтамыз көтерсе барлық тұрғынға көмек қолын созар едім. Алайда шамамыз келгенше, бір үйде төрт, тіпті 7-8 баласы бар отбасыларға, мұқтаж жандарға таратайық деп шештік» – деді кәсіпкер Алима Садыкова. [caption id="attachment_37607" align="alignnone" width="1024"] width= Солтүстік Қазақстан облысы[/caption] Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресеневка ауылының тұрғындары алғашқы коронавирусқа шалдыққан адам тіркелген бойда, қайырымдылық жасауға көшкен. [caption id="attachment_37608" align="alignnone" width="1024"] width= Солтүстік Қазақстан облысы[/caption] Бастапқыда ауыл тұрғындары бетпердеге қажетті материалға ақша жинап бастаған. Тіккен бетпердені ауылдағыларға тегін таратып та шыққан.  [caption id="attachment_37609" align="alignnone" width="1024"] width= Шығыс Қазақстан облысы[/caption] "Карантиннің кесірінен жұмыс істеп жүрген кафем де жабылды. Жолдасым таксист еді, ол да табыссыз қалды. Бетперденің жоқтығы, бар болса да қымбаттығы өзімді таң қалдырды. Содан тіктіріп алмақшы болдым" дейді "Гном" кафесінің администраторы Сәния Иманғұлова. [caption id="attachment_37610" align="alignnone" width="1024"] width= Шығыс Қазақстан облысы[/caption] Оның айтуынша, қазір ісін қолдап, бірлесе атқарып жатқан адамдар қатары көбеюде. Мұндай акцияны тоқатпай, жалғастырмақшы.  [caption id="attachment_37611" align="alignnone" width="1024"] width= Шымкент қаласы[/caption] Ал Шымкент қаласының "Жастар қуаты" ерікті көшбасшылар мектебінің волонтерлары қаладағы төтенше жағдайға байланысты 51 850 маска тігіп, цехқа өткізді. [caption id="attachment_37612" align="alignnone" width="1024"] width= Шымкент қаласы[/caption] Ол блок-бекеттерге, медициналық қызметкерлерге, қоғамдық жұмысшыларға тегін үлестірілді. Ал, 5000-ын еріктілер тұрғындарға таратты. [caption id="attachment_37614" align="alignnone" width="1024"] width= Шымкент қаласы[/caption] Одан бөлек шымкенттік еріктілер 1 029 050 масканы таратуға үлес қосқан.