21 сәуірдегі деректерге сәйкес Нұр-Сұлтан қаласында 3-4 сәуірден бастап стационарлық емделуде болған он жеті пациент коронавирустан сауыққан, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау басқармасы. Барлық емделушілер КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес толық ем алды. Емделіп шыққан азаматтар екі апта үй карантинінде болады. 21 сәуірде жазылып шыққандардың қатарында екі бала бар. Олар 2015 жылғы ер бала мен 2018 жылғы қыз бала. Инфекциядан сауыққан жүкті әйел 17 сәуірде босанып, дүниеге қыз әкелді. Сәбидің сараптама нәтижесі - теріс.