Роман Скляр неміс бизнесінің өкілдерімен веб-конференция өткізді
Роман Скляр неміс бизнесінің өкілдерімен веб-конференция өткізді
© Сурет ғаламтордан
2020 жылдың 21 сәуірінде ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен 50-ден астам неміс компаниясы басшыларының қатысуымен бейнеконференция өтті. Іс-шараға екі елдің елшілері, Герман экономикасы Шығыс Комитетінің басқарушы директоры М. Хармс, Орталық Азиядағы герман экономикасы өкілдігінің басшысы Х. Восканян және ҚР салалық министрліктері басшыларының орынбасарлары қатысты. Роман Скляр COVID-19 пандемиясына байланысты қиындықтарға қарамастан, әріптестік қарым-қатынастарды сақтағаны үшін бизнесмендерге алғысын білдірді, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі арттыруға сенім білдірді және қазақстандық тараптың инвесторларға толық қолдау көрсетуге дайын екендігін атап өтті.
«Біз Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркель ханымның деңгейінде 2019 жылғы, сондай-ақ 2020 жылдың басында қазақстандық делегацияның Германияға басқа да ресми сапарлары барысында қол жеткізілген барлық келісімдердің орындалуына сенімдіміз",-деп атап өтті Роман Скляр бизнесмендермен әңгімелесу барысында.
Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Айдаров 3,7 млрд. АҚШ долларына 51 бірлескен инвестициялық жобаның жүзеге асыру барысы туралы баяндады. Өз кезегінде германдық бизнес өкілдері коронавирустың пандемиясына қарамастан, инвестицияларды жалғастырудың және Қазақстанмен экономикалық байланыстарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ инвестициялық жобаларды қолдаудың теңдессіз шараларын назарға ала отырып, күн тәртібінде тұрған бірлескен өзекті жобалардың аяқталуына терең сенім білдірді. Тараптар бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды толығымен қолдайды және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуды жалғастырады.