Қазақстандық студенттер Мәскеуден автобуспен келе жатыр

Қазақстандық студенттер Мәскеуден автобуспен келе жатыр

250-ден астам қазақстандық студенттер  Мәскеуден автобуспен елге қайтарылады, деп хабарлайды Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі. 21 сәуір күні таңертең РФ-дағы ҚР Елшілігінің ғимаратынан бес автобус жолға шықты. Онда түрлі себептермен коронавирус пандемиясына байланысты халқаралық қатынастарға шектеу енгізілгенге дейін Ресейден шығып үлгермеген Мәскеу мен Санкт-Петербург жоғары оқу орындарының 250-ден астам қазақстандық студенттер отыр. "Қалыптасқан эпидемиялық жағдайды және ресейлік жоғары оқу орындарының қашықтан білім алуға ауысуын ескере отырып, балалар отанына қайтып оралуға ниет білдірді", - деп хабарлады елшілік өкілдері. ҚР-ның РФ-дағы Елшілігінің қызметкерлері мен ГИБДД-мен бірге санитарлық қауіпсіздіктің барлық нормаларын сақтай отырып, автобустар Қазақстан-Ресей шекарасына қарай жолға шықты. Орск және Әлімбет өткізу бекеттерінен кейін оларды Ақтөбе облысы әкімдігінің өкілдері қарсы алады. Барлық келушілер коронавирус инфекциясына тексеріледі. Вирус жұқтырмаған жағдайда, студенттер бұдан әрі өздерінің тұрғылықты мекен-жайларына аттанып, екі апталық өзін-өзі оқшаулауды сақтауға міндетті. Жолға  шамамен бір тәулік кетеді деп жоспарланған. Бұл қазақстандық студенттерді Мәскеуден әкелген алғашқы автобус рейсі. Бұған дейін осындай автобус сапарлары Уфа, Ханты-Мансийск, Самарадан ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта елшілік  отанына оралғысы келетін қазақстандықтарға жаңа рейстер (автобус және теміржол) ұйымдастыру туралы келіссөздер жүргізуде.

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Бүгін Мәскеудегі Қазақстан елшілігінің ғимаратынан бес автобус жолға шықты. Онда түрлі себептермен коронавирустық пандемия жағдайында елге қайта алмай қалған #Мәскеу мен #СанктПетербург тегі 250-ден астам қазақстандық университет студенттері үйлеріне аттанды. Сапар алдында барлық жолаушыдан дене қызуы екі мәрте өлшенді. Бұл Мәскеуден келген қазақстандық студенттермен алғашқы автобус сапары. Бұрын осындай автобустар Уфа, Ханты-Мансийск, Самара қалаларынан ұйымдастырылған болатын. ????? ✓Сегодня утром от здания посольства Казахстана в Москве отъехали пять автобусов, их пассажирами стали свыше 250 казахстанских студентов вузов #Москва и Санкт-Петербурга, по разным причинам не успевшие покинуть РФ до введения ограничений. Это первый автобусный рейс с казахстанскими студентами из Москвы, ранее аналогичные рейсы были организованы из #Уфа , #ХантыМансийск , #Самара . В ходе посадки в автобус у всех пассажиров был произведен двойной замер температуры, после чего в сопровождении #ГИБДД и сотрудников посольства, с соблюдением всех норм санитарной безопасности, автобусы выехали в сторону казахстанско-российской границы. После ее пересечения в пунктах пропуска #Орск и #Алимбет автобусы встретят представители акимата Актюбинской области. У всех прибывших возьмут тест на #коронавирус . В случае отрицательного результата, студенты далее отправятся в места своего проживания в регионах Казахстана, где они обязаны соблюдать двухнедельную самоизоляцию.

Публикация от Посольство Казахстана в России (@kazembassy_ru)