22 сәуір күні еліміздің көп бөлігінде жел күшейеді

22 сәуір күні еліміздің көп бөлігінде жел күшейеді

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты 22 сәуір күні республиканың кей жерлерінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел, шанды дауыл, солтүстікте тұман күтіледі, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Атап айтқанда, күндіз Қостанай облысының басым бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 23 м/с дейін күшейеді. Кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Маңғыстау, күндіз Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін артады. Атырау, Қызылорда облыстарында шаңды дауыл соғады. Батыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түседі деп күтілуде. Күндіз желдің күші 15-20 м/с дейін артуы ықтимал.