Азаматтардың Nur Otan партиясына сенімі күшейді
Азаматтардың Nur Otan партиясына сенімі күшейді
128
оқылды
Cоңғы кездері қоғамдық қабылдау бөлмелерінің көмегіне жүгінген тұрғындар саны айтарлықтай артты. Бұл азаматтардың партияға деген сенімінің күшейе түскенін аңғартса керек. Бір ғана Нұр-Сұлтан қаласындағы Nur Otan партиясының республикалық қо­ғамдық қабылдау бөлмесінің көмегіне жү­гінген азаматтар саны алғашқы 3 айда 30 пайызға көбейіп отыр. Ал І тоқсандағы рес­­публикалық қоғамдық қабылдау бөл­ме­­сіне келіп түскен өтініштер өткен жыл­­мен салыстырғанда 36 пайызға дейін өсіпті. Карантин кезінде де жұмысын тоқ­тат­пай, онлайн режимде халықпен тығыз бай­ланыс орнатқан қоғамдық қабылдау бөл­мелерінің жұмысы мақтауға тұрар­лық. Мұнда 13 наурыздан бастап WhatsApp-тағы жұмыс – 13, әлеуметтік желілердегі жұ­мыс – 8, байланыс орталығының жұ­мы­сы 3 есеге дейін артқан. Әсіресе, ор­та­лыққа қоңырау жиі шалынады. Түрлі мә­селені алға тартып, көмек сұрап, өті­ніш­пен хабарласқан тұрғындардың көп­ші­лігі қолдау тауып, көмек алу арқылы ор­талық қызметкерлеріне де алғысын біл­діруде. Мамандардың айтуынша, 27 пайыз­дан астам қазақстандықтар құқықтары бұ­зылған жағдайда Nur Otan партиясына, қо­ғамдық қабылдау бөлімшелеріне ха­барласқанды жөн санайды екен. Бұл да қоғамдық қабылдау қызметкерлерінің ең­бегінің нәтижесі. Өйткені аталған ор­талықтың жұмысында ашықтық пен ай­қындылықтың маңыздылығы өте жо­ғары саналады. Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері әр күн сайын халықпен тығыз жұмыс істеп, қо­ғамдағы өзекті деген мәселелерден ха­бардар болып отырады. Тұрғындар ара­сын­да туындаған проблемаларды барын­ша тез әрі тиімді шешу арқылы халықтың алғысы мен сеніміне ие болады. Сол ар­­қылы олар партияның имиджін қа­лып­т­астыруға үлес қосып отыр. Бұл ретте ха­лықтың партияға деген көзқарасы да, көп жағдайда осы қоғамдық қабылдау бөл­мелеріндегі атқарылған жұмыстың нә­тижесіне байланысты екенін айта кет­кен жөн. Бүгінгі таңда Елбасы – Nur Otan пар­тиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың тап­сырмасы бойынша партия қызметін жаң­­­ғырту жұмыстары қарқынды әрі жүйе­лі түрде жүргізілуде. Әсіресе, пар­тия­ны заманауи, бәсекеге қабілетті, тиім­ді, жоғары технологиялы саяси ұйым­ға айналдыру көзделді. Бірінші ке­зекте қоғамдық қабылдаулар жұмысы цифрландырылды. Соның арқасында әр адам өзінің партияға жасаған өтінішіне байланысты қолға алынған жұмысты жіті ба­қылап отыр. Одан бөлек, өтініштерді электронды түрде тапсыру және оны ин­тернетте қадағалау қолжетімді болды. Иә, елмен етене жұмыс істеу деген осы бол­са керек. Халық орталыққа келіп түрлі мәселе бойын­ша көмекке жүгінеді. Атап айтқан­да, қоғамдық көлік, көшелерді жөндеу жұмыстары, жерге құжаттарды рәсімдеу, ауызсу және басқа да көптеген маңызды мәселелер бойынша шағымын жеткізеді. Ал партия мүшелері тұрғындардың әр өті­ніші мен шағымын мұқият тыңдайды. Тиіс­ті орындарға арнайы тапсырмалар жүк­теледі. Кейбір мәселелер сол жерде ше­шіледі, ал енді бірін қоғамдық қабыл­дау басшысы өзінің жеке бақылауына алады. Кейінгі кездері республикалық қо­ғам­дық қабылдау бөлмесінің базасында «Заң­герлік көмек» партиялық жобасы сәтті жүзеге асырыла бастады. Бұл жоба бойынша әлеуметтік аз қамтылған жан­дар­ға кешенді түрде өтеусіз заңдық кө­мек көрсетіледі. Мұндай жоба еліміз бойын­ша алғаш рет қолға алынды. Атал­ған бастама әдеттегі заңдық көмектерден өз­геше. Себебі мұнда мамандардың кеңес­­­терінен бөлек, істің басынан соңы­на дейін мұқтаж азаматтарға кешенді қыз­мет көрсетіледі. Бұдан өзге де көмек түрінің қоғамдық қабылдау бөлмелерінде сәтті жүзеге асырылып жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Қорыта айтқанда, төтенше жағдай ке­зінде де халықпен тығыс байланыс ор­нат­қан қоғамдық қабылдау бөлмелері аза­мат­тардың әр алуан мәселесін шешуге ар­нал­ған алаңға айналды. Дүйім жұрттың ал­ғысын арқалаған партиялықтардың бұл игі бастамасы қашанда халық қол­дауы­на ие.  

Абылайхан ЖҰМАШ