Коронавирусқа шалдыққан дәрігерлердің терісінің түсі өзгеріп, қарайып жатыр
Коронавирусқа шалдыққан дәрігерлердің терісінің түсі өзгеріп, қарайып жатыр
Фото: Интернеттен алынды
Қытайдың Ухань қаласында вирус жұқтырған екі дәрігердің беті бері қарады. Ақ халаттылардың екеуінің де жасы 42-де, – деп жазады 24.kz. Дәрігерлер олардың өмірі үшін 2 ай арпалысқан. Емделу кезінде екі науқастың беті қарайып кеткен. Мамандар «бұл – дәрілердің әсері» дейді. Препаратты ұзақ қабылдау салдарынан адамның беті, мойны мен аяқ-қолының түсі өзгеруі мүмкін. Алайда дәріні ішуді тоқтатқанда, бәрі қалпына келуі тиіс. Одан бөлек, қос науқастың өкпесіне қатты зақым келген. Қазір жағдайлары тұрақты деп бағаланып отыр. Оларға психологиялық көмек көрсетілуде.