АҚШ президенті Дональд Трамп екі айға елге иммигранттардың кіруіне уақытша тыйым салу туралы жарлық шығарды. «АҚШ-та иммиграцияны уақытша тоқтату туралы жарлық шығарамын. 2 айға шектеу қойылады. Содан кейін бұл шешімді экономикалық шартқа байланысты ұзарту немесе өзгерту туралы ойланамыз», – деді АҚШ президенті. Дональд Трамптың айтуынша, бұл шектеулер АҚШ-та тұрақты тұруға ықтиярхат – Green Card алатындарға байланысты енгізіледі. Мұндай шектеулер пандемиядан соң дағдарыста жұмыссыз қалған америкалықтардың жұмыс орнын сақтап қалу үшін жасалып отыр.