Коронавирус инфекциясының таралуы мамыр айында да бәсеңдемейді. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Instagram-дағы парақшасында халыққа коронавирус неліктен тез таралып жатқанын түсіндірді.
«Ауруға шалдыққандардың көбеюін, азаюын үш ай бойы – наурыз, сәуір, мамырда қадағалап, бақылаймыз. Біз мамырдан кейін ештеңе болмайды деп нақты ештеңе айта алмаймыз. Инфекция болады, жаппай таралады. Біздің міндет – осымен бірге өмір сүріп үйрену. Бұл инфекция адамнан адамға тез таралады. Кейбір адамдар үшін коронавирус өте қауіпті болуы да мүмкін. Сондықтан эпидемияға төтеп беріп, иммунитетті төмендетіп алған соң, үнемі карантинде отырмау үшін мұнымен өмір сүріп үйрену керек. Сондықтан біз мамыр айының соңына қарай шамамен 3500 жағдай болады деп ойлаймыз. Содан кейін басқа санды тіркей бастаймыз, қазір нақты бірдеңе айту қиын. Жапония, Сингапурде эпидемия қайта басталды. Болжам жасау қиын, Қазақстанда нақты былай болады деп болжай алмаймыз», – деді Біртанов.Министрдің айтуынша, карантин уақыты мамырда созылуы мүмкін. Оның болжамынша, мамыр ең қауіпті кезең болып отыр.