Криминалдық полиция басқармасының басшысы кортеж үшін қызметінен босатылды
Криминалдық полиция басқармасының басшысы кортеж үшін қызметінен босатылды
Фото: Интернетте алынды
Алматы қаласының Криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин қызметінен босатылды. ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыда төтенше жағдай кезінде блокбекеттен заңсыз өткен бес адам ұсталып, әкімшілік жауапқа тартылды. Барлық төрт көлік айыппұл тұрағына жеткізілді. Екі адам іздестіріліп жатыр. Сондай-ақ, министрлік мәліметінше, Криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин мен патрульдік полиция полк командирінің орынбасары Қуанышбаев қызметінен босатылды.