Блокбекетте «Темекі тастап кетші» деген полицей жұмыстан кетті
Блокбекетте «Темекі тастап кетші» деген полицей жұмыстан кетті
Фото: Интернеттен алынды
Павлодарда блокбекетте жүргізушіден темекі сұраған полицей қызметінен босатылды. Облыстық полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов айтты.
«Менің бұйрығыммен блокбекетте жүргізушіден темекіге ақша сұраған Жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкері ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылды. Погоны шешілді, куәлігі алынды. Оның аға басшысы, сондай-ақ, взводтың басқа да басшылары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – деді Нұрлан Мәсімов.
Біз бұған дейін Павлодарда блокбекетте жүргізушіден темекіге ақша сұраған полицей туралы жазған болатынбыз.