Әлеуметтік желіде полицияны балағаттаған алматылық халықтан кешірім сұрады
Әлеуметтік желіде полицияны балағаттаған алматылық халықтан кешірім сұрады
Фото: Интернеттен алынды
113
оқылды
Алматыда полиция қызметкерлеріне тіл тигізген адам жауапқа тартылды.  Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында ер адамның полиция қызметкерлерін қорлау фактісі анықталды. Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов: «Ол өзінің Инстаграм парақшасында полиция қызметкерлеріне арналған былапыт сөздері бар монологын жариялаған. Бірнеше рет камераға жағымсыз сөз айтқан. Бұл жігіт Қылмыстық кодекстің 378-бабымен билік өкілін қорлағаны үшін жазаланады. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген. Қылмыстық істі ПД тергеу басқармасы жүргізеді. Бүгін ол қамауға алынып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды», – деді. Ер адам өз әрекеті үшін жұрттан кешірім сұрады. https://www.youtube.com/watch?v=Q_7r-p8uA4o&feature=youtu.be «Мен Қазақстан Республикасының барлық азаматтарынан және полиция қызметкерлерінен кешірім сұраймын. Сіздерден мені түсініп, кешіргендеріңізді қалаймын. Мен Қазақстан заңнамасында көрсетілгендей, заң алдында толық жауап беруге дайынмын. Кешіріңіз, өтінемін», – деді айыпты алматылық.