Партияға жастар мен әйелдерді көбірек тарту керек – Нұрлан Нығматулин
Партияға жастар мен әйелдерді көбірек тарту керек – Нұрлан Нығматулин
Фото: Parlam.kz
Конституциялық заң жобасын талқылау кезінде Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Жастар квотасы партиялық тізімде міндетті түрде болуы керек екенін айтты. «Бұл сұрақ жалпы қоғамда және жұмыс тобында көп талқыланды. Біріншіден, көптеген елдерде сайлау партиялық тізімде жастарға арналған квота міндетті түрде бекітілген. Екіншіден, қай кезде қандай қоғамда болса да, жастарға деген сенім өте зор. Әрине, жастардың өмірлік тәжірибесі аздау болуы мүмкін, бірақ та олардың заманға сай идеялары, ұсыныстары өте көп. Қазақ халқы осындайда «асыл – тастан, ақыл –жастан» дейді. Менің ойымша, жастар квотасы партиялық тізімде міндетті түрде заң бойынша болуы керек», – деді Нұрлан Нығматулин. Ол орайда ол тың ұсыныстар қабылдау үшін жастарды тарту керегін атап өтті. Бұған дейін Мәжілістің жалпы отырысында сайлау туралы заң жобасы талқыланды. Сол кезде Әділет министрі Марат Бекетаев: «Заң жобасымен партиялық сайлау тізімдерінде әйелдер мен жастар үшін 30 пайыз квотаны қарастыру ұсынылады. Осы мақсатта, Сайлау туралы Конституциялық заңда әйелдер мен жастарға арналған квоталарды партиялық тізімге енгізу туралы талап қойылатын болады», – деген еді.