Жемқор басшыларды анықтайтын арнайы басқарма құрылады  
Жемқор басшыларды анықтайтын арнайы басқарма құрылады  
Фото: Интернеттен алынды
159
оқылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Орталық мемлекеттік органдардың басшылық құрамы арасындағы жемқорлықты анықтау басқармасы құрылады.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов: «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, агенттік жүйелі түрде жемқорлық мәселелеріне қатысты әлеуметтік күнтәртіпті қадағалап отырады. Өздеріңізде білесіздер, бүгінгі күнгі қоғамның ең өзекті сұраныстарының бірі – бұл бюджет қаражатының мақсатқа сай жаратылуына жан-жақты бақылау жасау және мемлекеттік органдардың басшылық құрамын жемқорлығы үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету», – деді ол. Оның айтуынша, орталық мемлекеттік органдардың жоғары лауазымды тұлғалары жасайтын ауыр және аса ауыр жемқорлық қылмыстарды анықтау және жолын кесуге бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр. «Агенттік құрылымында халықаралық тәжірибені ескере отырып жаңа жедел бөлімше – Орталық мемлекеттік органдардың басшылық құрамы арасындағы жемқорлықты анықтау басқармасы құрылады. Бұл басқарма ішкі резервтеріміздің және орта басшылық лауазымды буынның қысқартылуы есебінен жасақталады, – деді Нұрлан Жақсымбетов.