Көпбалалы отбасыларға базарлық
Көпбалалы отбасыларға базарлық
179
оқылды
Мемлекетіміз атаулы әлеуметтік көмек алатын көпба­лалы отбасылардың жағдайын әрдайым басты назарда ұстайды. Коронавирусқа қатысты қалыптасып отырған күрделі кезеңде осындай отбасыларға жасала­тын қол­даулар мен көмектер еселеп көбейді десек, артық айтқандық бола қоймас. Мемлекет атынан жасалып отырған қолдауларға қоса, жеке­леген ұйымдар, еріктілер, жомарт жандар да мүмкіндігінше көмек қолын созуда. Бүгінде көп­балалы жанұяларға ай сайын­ға атаулы әлеуметтік көмектен бөлек зат­тай, азық-түлік себет­тері де бері­луде. Алыстағы Кеген ауылы бо­йын­ша атаулы әлеуметтік көмек алатын 46 отбасында тәрбие­ле­ніп жатқан 1 жас пен 3 жас ара­лы­ғындағы 31 балаға және 3 жас пен 6 жас аралығындағы 30 ба­ла­ға қаңтар айындағы кепілді әлеу­меттік себеттер таратылды. Жас ерекшеліктеріне қарай бері­летін азық-түлік, өзге де қажетті зат­тарға толы себеттер тарату ал­дағы кезде де ай сайын жал­ға­сады. Сондай көмек ал­ған көп­ба­ла­лы ана Жұмагүл Нақыс­бек­қызының қиын кезде жалғыз қал­­дырмай, қолдан келген бар­лық қолдауды жасап отырған мем­­­лекет пен оның жергілікті жер­­лердегі өкілдеріне алғысы шек­сіз. Мұндай қайырымдылық қа­дам­дар облыстың барлық өңі­рінде жалғасуда. Текелі қала­сын­да да атаулы әлеуметтік кө­мек (АСП) тағайындалған 281 отбасындағы 309 балаға қазір қаң­тар айының кепілдендірілген әлеу­меттік азық-түлік себеттері бері­луде. Республикалық бюд­жет­тен бөлінген 28,6 млн тең­генің мақсатты жұмсалуы қа­таң қадағалауға алынған. Кеншілер шаһарында осындай әлеуметтік көмек алып отырған көпбалалы ана Әсел Ерденбекова да қи­нал­ған шақта қарлығаштың қа­на­тымен су сепкендей болса да, жақсылық жасап отырған мем­­лекетке және тағы да басқа қайы­рымды жандарға алғысын жау­дырады. «Бірлік бар жерде – тір­лік бар» деген. Бала-шағаның нә­пақасын күнделікті тірлік ар­қылы тауып отырғанда, каран­тин қиын тигені рас. Бірақ ел басына түс­кен ауыртпалықты тәртіп пен талапты орындағанда ғана жеңе аламыз. Сындарлы шақта жалғыз қалдырмай, көмекесіп отырғандарға Алланың нұры жау­сын! Мемлекет бастап, жер­гі­лікті билік қостап, әзірге тарыға қой­ғанымыз жоқ», – дейді көп­ба­лалы ана. Атаулы әлеуметтік көмек және кепілдендірілген азық-тү­лік себетін алған Кербұлақ ауда­нының тұрғыны, көпбалалы ана Бағдат Ахмадиева да мем­ле­кет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларға алғысын жаудырды.

Болат АБАҒАН, Алматы облысы

 \