Аулада дискотека ұйымдастырған

Аулада дискотека ұйымдастырған

Жуырда әлеуметтік желіде карантин енгізілгеніне қарамастан көппәтерлі үйдің ауласында дискотека ұйымдастырып, билеп жүрген қарағандылық азамат­тардың видеосы пайда болған. Видеода көрсетілген Майқұдық ауданындағы үйді тексерген полиция қыз­меткерлері карантин режимін бұзғандарды анықтады. Қазіргі кезде музыканы қосып, басқаларды шақырған адам да табылды. Оған қатысты әкімшілік жаза ретінде 476-бап бойынша хаттама толтырылған. Яғни, аза­матқа 10 айлық есептік көрсеткіш кө­лемінде айыппұл салынады не­месе 15 тәулікке дейін әкімшілік қа­мауға алынады. Бұдан бөлек, карантин кезеңінде ювеналды полиция қызметкерлері көшеде және қоғамдық орындарда 69 жасөспірімді ұстаған. Оның ішінде орта мектеп оқушысы – 54, кол­ледж студенті – 12, университет студенті – 1, жұмыссыз  2 адам бар. – Барлық осы факті үшін Әкім­шілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 476-бабына сәйкес (тө­тенше жағдайды бұзу) заң бұзу­шылардың заңды өкілдеріне қа­тысты әкімшілік хаттама толты­рылды,  – деп хабарлады қалалық Полиция басқармасы.                                     

М.ТӨЛЕУ