Жастарға тағылымды шара
Жастарға тағылымды шара
143
оқылды
«Хабар» агенттігінің 25 жыл­дығы және Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факульте­тінің 10 жылдығына арналған онлайн шеберлік сыныбы өз жұмысын бастады. Онлайн формада өткізілетін шеберлік декадасының басты мақсатын веб-конференцияда «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев пен Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ баяндап берді. Р.Кертаев агенттік командасы өз тәжірибелерін болашақ журна­листермен бөлісуді қуана қабыл­дағанын, осындай шаралар арқы­лы жаңа дәуір журналистерін жаңа­шыл­дыққа бағыттап, олардың кә­сіби әлеуеттерінің қалыптасуына үлес қосуға дайын екендерін жет­кізді. Үлкен шеберлік мектебінің өкілдері «Хабардың» жетекші журналистерімен бірге, режис­серлер мен продюсерлер журна­лист ма­мандығы бойынша білім алатын магистранттар мен сту­дент­терге шы­ғармашылық, ме­недж­мент және тех­нологиялық бас­қару тақы­рыптарында таным­дық сабақ­тар өткізеді. Журналистика факультетінің деканы Қайрат Сақ ақпараттық дәуір­дің мамандары үшін теория­лық негіздерді меңгерумен қатар оны өндірістік тәжірибеде бекіту арқылы медиа-нарықтың сұра­ны­сына жауап бере алатын ма­мандар дайындауға болатынын айтты. «Хабар» агенттігінің 10 та­нымал журналисі он күн бойы әртүрлі тақырыпта болашақ ізба­сарларымен онлайн кездесуге шы­ғады. Декаданың арнайы жос­пары бекітілген. Жоспар­ланған тақы­рыптар мен жауапты тұлға­ларды «Телерадио және қоғаммен байланыс» кафедра­сының мең­герушісі Серікзат Дүйсенғазы таныс­тырды. «Те­лежүргізуші мен теле­журна­лис­тика мамандығы» атты алғашқы кездесуге онлайн тіркелгендерге танымал тележур­налист Арман Сейітмамыт өзі басқаратын «Еларна» телеарна­сының қыз­меті мен редакциялық саясаты туралы әңгімелеп берді. Алдағы күндері студенттер «Хабардың» бас редакторы З.Хаджиметов, спорт коммента­тор­лары А.Жақаев, Е.Мәулен, жур­налистік зерттеулер бөлімінің жетекшісі А.Әділова сияқты ма­мандардың шебер­лік сабағына қатысады.  

Ару БҰХАРБАЙ, «Телерадио және қоғаммен байланыс»  кафедрасының магистранты