Алматы облысында бір отбасының алты мүшесі коронавирус жұқтырған. Осылайша облыстағы науқастардың саны 60-тан асты, - деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 22 сәуір сағат 15.00-дегі жағдай бойынша Алматы облысында тағы жеті адам COVID-19 жұқтырды. Олардың алтауы - Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының 1957, 1980, 1987, 2001, 2013 және 2016 жылғы тұрғындары. Олардың барлығы бір отбасынан шыққан. Барлығы жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген.