Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасында коронавируспен ауыратын дәрігерлердің COVID-19 жұқтырған науқастарды емдеп жатқаны рас па? Бұл сауалған «Хабар 24» арнасындағы онлайн брифингте Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин жауап берді. "Дәрігерлердің арасында вирус жұқтырмаған, сауы да бар. Сол себепті науқастарды ауру дәрігерлер емдеп жатыр деп айтуға болмайды", - деді ол. Еске сала кетейік, қазір Қазақстанда 2047 адам коронавирус жұқтырған, 505 адам сауықты. 19 адам қайтыс болды.