Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханадағы науқастарды басқа медицина мекемелеріне ауыстырып жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты. «Кеше мен карантинге жабылған Орталық қалалық клиникалық аурухананың жұмысын тоқтату туралы қаулы шығардым. Қазір медқызметкерлер мен науқастар басқа ауруханаға ауыстырылып жатыр»,– деді Жандарбек Бекшин. Сондай-ақ ол ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының да карантинге жабылғанын айтты. Онда 67 курсанттан коронавирус инфекциясы табылған.