Мамырда 4 мыңға жуық қазақстандық коронавирус жұқтыруы мүмкін - Есмағамбетова
Мамырда 4 мыңға жуық қазақстандық коронавирус жұқтыруы мүмкін - Есмағамбетова
5,147
оқылды
Мамырда 4 мыңға жуық қазақстандық коронавирус жұқтыруы мүмкін. Бұл туралы Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты. "Қазіргі таңда вирустық инфекциямен сырқаттанудың көбеюі аурудың өршуі болып саналады. Эпидемиологиялық тұрғыда аурудың өсу қарқыны маңызды. Себебі, ол эпидемияның нақты таралуын көрсетеді. Аурудың өсу дерегі 3 ай бойы байқалады. Ол - наурыз, сәуір, мамыр айлары", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Айжан Есмағамбетова коронавирус індеті өршу кезеңіне өткенін атап өтті. "Қазіргі таңда Қазақстан эпидемияның өршу кезеңінде тұр. Жұқтыру деңгейі 8 пайызды құрап отыр. Әйтсе де аурудың өршуін, шарықтау шегі мен төмендеуін наурыз, сәуір және мамыр айларында өткереміз. Болжам бойынша сәуір айының соңына дейін 2700 адамға дейін коронавирус жұқтыруы мүмкін. Мамыр айының соңына дейін 4 мыңға жуық адам індетке шалдығуы ықтимал. Әрине, бұл еліміздегі төтенше жағдай кезіндегі карантин талаптарын сақтаған жағдайдағы көрсеткіш болмақ", - деді Айжан Есмағамбетова. Еске сала кетейік, қазір Қазақстанда 2070 адам коронавирус жұқтырған, 505 адам сауықты. 19 адам қайтыс болды.