Ауызашарды азық-түлікке мұқтаж отбасыға көмек көрсетумен алмастыруға болады - Бекшин
Ауызашарды азық-түлікке мұқтаж отбасыға көмек көрсетумен алмастыруға болады - Бекшин
© Sputnik / Абзал Калиев.
5,116
оқылды
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ораза ұстауға ниет етіп жүрген адамдарға кеңес берді. "Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төтенше жағдайды ескеріп, мешітте тауарих намазы оқылмайтынын хабарлады. Біз де осы шешімді толық құптаймыз. Намазды әркім өз үйінде оқуы тиіс және жеке гигиенаны сақтауы қажет. Қолды жиі жуып, жеке жайнамазды қолдануы керек", - деді Бекшин. Сонымен қатар қаланың бас санитар дәрігері қоғамдық орындарда ауызашар беруге тыйым салынғанын айтып өтті.
"Егер кім де кім мұсылман ретінде өз міндетін орындағысы келсе, онда жеткізу қызметін пайдаланып, өзінің достары мен таныстарына тамақ бере алады. Ол тамақ оралған болуы керек және азық-түлікті жеткізумен айналысатын компанияның қызметіне жүгінуі қажет", - деді ол.
Сонымен қатар Рамазан айында мұқтаж жандарға қаржылық көмек көрсетуге болатынын айтты. "Азық-түлікке мұқтаж отбасыға көмек көрсетіп, ауызашар беруді осындай игі істермен алмастыруға болады", - деді ол. Сондай-ақ, Жандарбек Бекшин тұрғындарға жеке гигиенаны сақтап, қолды жиі жууға, пайдалы өнімді қолдануға кеңес берді.