Ақтау қаласында тіркелген екі науқас та коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған

Ақтау қаласында тіркелген екі науқас та коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған

Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар туралы ақпарат (22.04.2020ж. мәлімет бойынша) Маңғыстау облысында коронавирусты жұқтырған 2 адам анықталды. Олар 73 және 21 жастағы Ақтау қаласының тұрғындары. Коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Казіргі уақытта науқастар облыстық жұқпалы аурулар бөліміне орналастырылған. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған. 22.04.2020 ж. жағдай бойынша өңірде 18 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды.