Ертең Зеленскийдің инаугурациясы қалай өтпек?
Ертең Зеленскийдің инаугурациясы қалай өтпек?
89
оқылды

Ұлықтау рәсіміне Виктор Януковичтан өзге Украинаның барлық президенттері шақырылған

Ертең, 20 мамыр күні Украинаның жаңадан сайланған президенті Владимир Зеленский Киевте ресми президент атану рәсіміне қатыспақ.

Зеленский штабының хабарлауынша, ұлықтау рәсімі таңертеңгі сағат 10-да басталмақ. Сол сәтте жаңа президент Жоғары рада ғимаратына келеді. Содан кейін оған Украина қарулы күштерінің бас қолбасшылығы тапсырылып, ресми түрде мемлекеттік туды көтеру рәсімі басталады.

Түстен кейін Зеленский президент әкімшілігі ғимаратында шетелдік делегациялармен екі жақты кездесулер өткізеді. Осыған дейін Зеленский ұлықтау рәсімі уақытын шегеруге тырысқан Жоғары рада депутаттарын қатаң сынға алған. Ол бұл жағдайдың киевтіктердің салтанатты рәсім кесірінен көлік кептелісіне соқтыратынын айтқан еді. Депутаттардың осы әрекеті үшін кешірім сұраған болашақ президент оларға да дәл сондай «жауап» қайтаратынын мәлімдеген.

Ұлықтау рәсімінің ресми міндеттерінен бөлек Зеленский штабы бірқатар күтпеген рәсімдер дайындап отырған көрінеді. Салтанатты рәсімге Латвия, Литва, Эстония, Грузия, Венгрия президенттері, Түркияның вице-президенті, Молдова және Әзірбайжан елдерінің үкімет басшылары, АҚШ-тың энергетика министрі мен Канаданың қорғаныс министрі қатыспақ. Ресей мемлекетінің басшылығы Украина тарапынан бұл рәсімге шақырту алмаған.

Айта кетейік, ұлықтау рәсіміне Виктор Януковичтан өзге Украинаның барлық президенттері шақырылған. Оның ішінде Петр Порошенко да бар.