Шымкентте тіркелген науқастардың жағдайы қанағаттанарлық
Шымкентте тіркелген науқастардың жағдайы қанағаттанарлық
© Сурет ғаламтордан
133
оқылды
Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар туралы ақпарат (22.04.2020 жылғы сағат 22:50-дегі мәлімет бойынша) Вирус жұқтырған 28 азаматтың барлығы өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы барлығына қойылды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті емді қабылдап жатыр. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. 22.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 131 адам анықталған.