Екібастұз қаласының 50 жастағы тұрғынынан коронавирус инфекциясы табылды
Екібастұз қаласының 50 жастағы тұрғынынан коронавирус инфекциясы табылды
© Сурет ғаламтордан
Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған адам туралы ақпарат (22.04.2020 жылғы сағат 22:50-дегі мәлімет бойынша) Екібастұз қаласының 50 жастағы тұрғынынан коронавирус инфекциясы табылды. Бұл ер азамат дене қызуының көтеріліп, өзін жайсыз сезінуіне байланысты медициналық көмекке жүгінген, сол себепті ауруханаға жатқызылған. Кейін оған пневмония диагнозы қойылған. 21.04.2020 ж. науқастың COVID-19 вирусын жұқтырғаны белгілі болды. Онымен байланыс жасаған адамдар ортасы анықталып, оларды оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған. Бүгінде 22.04.2020 ж. жағдай бойынша облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған 38 адам тіркелген.