Қостанай облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған адам туралы ақпарат (22.04.2020 жылғы сағат 22:50-дегі мәлімет бойынша) Қостанай облысының Жітіқара қаласында коронавирус инфекциясын тағы 1 адамның жұқтырғаны анықталды. Ол 1974 жылғы әйел адам, өзіне дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен байланыста болған. ПТР диагностикалық зерттеуінің нәтижесі бойынша СOVID-19 диагнозы расталды. Қазіргі уақытта оның қарым-қатынас жасаған адамдары анықталып, оларды оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауру ошақтарында дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған. 22.04.2020 жылғы жағдай бойынша облыста СOVID-19 инфекциясын жұқтырған 35 адам анықталды, 1 адам жазылып шыққан.