ҚР Президентінің Телерадиокешені еліміздің көрікті жерлерінің ТОП-ондығын ұсынды. «Бүгін Жер күні! Қазақстанның табиғаты өте әдемі және сіздерге Отанымыздың көрікті жерлерін көрсеткіміз келеді. Біздің команда төтенше жағдай аяқталғаннан кейін баруға болатын ТОП-10 жерді ұсынады. Карантин ерте ме, кеш пе, бір аяқталары сөзсіз», - делінген ҚР Президенті Телерадиокешенінің Instagram-парақшасында. Бейнероликте қолданылған барлық кадрларды ТРК-ның шығармашылық тобы ел ішіндегі сапарлары кезінде түсірген. 1. Үлкен Алматы көлі (Алматы қаласы) 2. Бурабай (Ақмола облысы) 3. Алакөл (Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары) 4. Балқаш көлі (Қарағанды облысы) 5. Шарын шатқалы (Алматы облысы) 6. Қайыңды көлі (Алматы облысы) 7. Көлсай көлдері (Алматы облысы) 8. Марқакөл (Шығыс Қазақастан облысы) 9. Қорғалжын қорығы (Ақмола облысы) 10. Катон-Қарағай ұлттық паркі (Шығыс Қазақстан облысы)