Бейсенбіде еліміздің жекелеген өңірлерінде жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі

Бейсенбіде еліміздің жекелеген өңірлерінде жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі

23 сәуір күні республиканың басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Жекелеген өңірлерде жаңбыр, найзағай, дауыл, екпінді жел, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыста тұман, оңтүстікте шаңды дауыл болжанадығ - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал. Жекелеген аумақтарда тұман күтіледі. Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, күндіз Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады. Қызылорда облысында шаңды дауыл болжанады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 артады. күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Сондай-ақ дауыл тұруы мүмкін. Ақмола облысында бұршақ болжанады. Күндіз Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.